Киевтің орталық алаңы

Тоқаевтың сөзінен кейін Украина сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісін шақырды

1072
(Жаңартылды 10:06 06.12.2019)
Украинаның сыртқы істер министрлігі қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы Самат Ордабаевты шақырып, Тоқаевтың Қырым туралы сөзіне алаңдаушылығын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның Украинадағы елшісі Самат Ордабаев Украина сыртқы істер министрлігіне кездесуге шақырылды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Хабарламада Украина тарапы Қазақстанның Қырымға қатысты ұстанымына байланысты алаңдаушылық білдіргені айтылған.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Deutsche Welle телерадиокомпаниясына берген сұхбатында Қырымдағы жағдайды аннексия деп айтуға болмайды деген еді.

"Аннексия – бұл Қырым үшін тым ауыр сөз", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы Германияға ресми сапары қарсаңында неміс телерадиокомпаниясына берген сұхбатында.

Украинаның сыртқы істер министрлігі бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне демарш жолдауға ниетті екендігін хабарлады.

"Кездесудің қорытындысы бойынша қос тарап біздің екі жақты қатынастарымыз бен ынтымақтастығымыздың негізі болып табылатын 1994 жылдың 20 қаңтарындағы Украина мен Қазақстан Республикасы арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы шартта бекітілген тәуелсіздікке, мемлекеттік егемендікке, аумақтық тұтастыққа және шекаралардың мызғымастығына деген өзара құрмет қағидаларына берік ұстанымдарын растады", - деп атап өтті Украина СІМ хабарламасында. 

Тоқаев Қырымның Ресейге қосылуына қатысты пікір білдірді 

Украина 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Қазақстан сол жылы 23 желтоқсанда Украинаны егеменді тәуелсіз мемлекет деп таныды.

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 4 қаңтарында орнады.

1072
Кілт сөздер:
Қырым, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Украина Тоқаевтың Қырымға қатысты сөзіне пікір білдірді: Ертісбаев ойымен бөлісті
Ресей украиналық әскери кемелерді не үшін қайтарды
Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады Тоқаев

28
Қасым-Жомарт Тоқаев "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге өз үлесін қоса алады, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ форумында.

Мемлекет басшысы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ Дамушы елдер тобының атынан сөз сөйледі.

"Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі, делдалдық, жанжалдарды шешу және бейбітшілік орнату сияқты негізгі салалардағы жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса алады", - деді Тоқаев  "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада.

Ол пандемия кезінде Қазақстан коронавирустың өршуіне гуманитарлық жауап қату жаһандық жоспары аясында қаражат жібергенін атап өтті.

"Біз вирусқа қарсы күресте бірқатар елге гуманитарлық көмек көрсеттік", - деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде жеке инвесторларды цифрлық теңсіздікті еңсеруге көмектесуге шақырды.

"Халықаралық сауда да барлық елдің, ең алдымен, аз дамыған елдердің мүдделері үшін тез дамып отыруы керек", - деп толықтырды ол.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты 

"COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" форумы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылып, бейнеконференция түрінде өтіп жатыр.

Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқа елдердің басшылары сөз сөйледі.

28
Кілт сөздер:
БҰҰ, коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады
Тоқаев: Қазақстан мен Швейцарияның ұстанымдары ортақ
Коронавирус пандемиясы кезінде Тоқаевтың жұмыс кестесі қалай өзгерді?
БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді

55
Президент Қазақстанның қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысына Қазақстан армиясының штаттық құрылымын оңтайландыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, қару-жарақтарды, әскери техника мен оқ-дәрілерді инвентаризациялау және тексеру, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндалды.

Ермекбаев Тоқаевқа қазіргі уақыттағы сын-қатерлерді ескере отырып, Қарулы күштердің жаңа келбетін қалыптастыру, түрлі табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою кезінде әскери қызметшілерді жұмылдыру мүмкіндігі мен қажеттігі жайында мәлімет берді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды

Сонымен қатар президент Ермекбаевтың әскери бөлімшелердің дайындығы, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс мәселелері, бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, әскери техникамен жабдықтау, Қорғаныс министрлігін автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі есебін тыңдады.

Жоғарғы бас қолбасшы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды, әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеріп, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.

55
Кілт сөздер:
Қорғаныс министрлігі, Нұрлан Ермекбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағы апатына байланысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Нұрмағамбетовті еске алды
МиГ-31 ұшағы апаты: қорғаныс министрі ұшқыштардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

0
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

0
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады