Саясат

"Норманд төрттігі" елдерінің басшылары кездесті: қандай келісім жасалды

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуРабочий визит президента РФ Владимира Путина во Францию
Рабочий визит президента РФ Владимира Путина во Францию  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесуге қатысушылар саммит қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Қол жеткізілген келісімге баға берілді

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. "Норманд төртігі" елдерінің басшылары Ангела Меркель, Эммануэль Макрон, Владимир Путин мен Владимир Зеленский Париждегі кездесу қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды РИА Новости.

Қабылданған келісімге үш негізгі мәселе енген: 

  • "Қақтығыс аймағындағы жағдайды тұрақтандыру шараларын іске асыру";
  • "Минск келісіміндегі саяси ұстанымдарды жүзеге асыру";
  • "Жалғастыру".

Украина президенті Владимир Зеленский Киев Париждегі келісімді орындауға дайын екенін жеткізді. Алайда бұл екіжақты қозғалысты қажет ететін жайт екенін атап өтті.

Рабочий визит президента РФ Владимира Путина во Францию

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуУкраина президенті Владимир Зеленский Киев Париждегі келісімді орындауға дайын екенін жеткізді
Норманд төрттігі елдерінің басшылары кездесті: қандай келісім жасалды - Sputnik Қазақстан
Украина президенті Владимир Зеленский Киев Париждегі келісімді орындауға дайын екенін жеткізді
>

"Бұл келісімдер орындалатынына үмітіміз зор. Бейбітшілікті қамтамасыз ету жолындағы талпынысымызды нақты іс-әрекет қана дәлелдейтінін түсініп отырмыз", - деді ол.

Сондай-ақ, Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен өткізілген келіссөзге баға беріп, бұл туралы әлі нақты айтуға ерте екеніне тоқталды.

Тағы оқыңыз: Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты

Владимир Путин "норманд" саммитіндегі келіссөздердің "өте пайдалы" болғанын айтты. Ол бұл мәселеде тараптардың тікелей диелог орнатуы маңызды екеніне тоқталды. Ресми Мәскеудің Донбастағы шиеленісті реттеу үшін аянбайтынын жеткізді.



Жаңалықтар
0