Саясат

Президент Досаев пен Жайылғанованы қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Ұлттық банк басшысы және мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасымени кездесу өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаев пен Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Инфляция болжамы

Ұлттық банк төрағасымен кездесуде жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының 2019 жылдың 11 айындағы қорытындылары, инфляция динамикасы, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің ахуалы туралы сөз болды.

Сондай-ақ, Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияға байланысты болжамдарды, 2020 жылға арналған ішкі жалпы өнімнің өсуі және төлем балансының ағымдағы шоты бойынша жорамалдарды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент бірқатар тапсырма берді.

Ең лайықтылар іріктеледі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекет басшысына "Президенттік кадр резервінің" 4-кезеңінің қорытындысы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Атап айтқанда, Анар Жайылғанова өткен кезеңнің негізгі критерийлері мен талаптары, сарапшылар комиссиясының құрамы жайында айтты. Оның айтуынша, үміткерлермен әңгімелесу әділ әрі конкурс ережесіне сай өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев үкіметке тапсырма берді: жаңа жылдан бастап кімнің қалтасы қалыңдайды

Президент ақтық кезеңнің барынша ашық өтуін қамтамасыз етуді және ең лайықты үміткерлерді іріктеп алуды тапсырды.

Жаңалықтар
0