Саясат

Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке келді

© Sputnik / Владислав ВодневМаулен Ашимбаев
Маулен Ашимбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Мәулен Әшімбаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

"Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", - деп жазылған Ақордада жарияланған мемлекет басшысының жарлығында.

Биылғы жылдың шілде айынан президенттің көмекшісі болған Мәулен Әшімбаев Дархан Кәлетаевтың орнына келді. 

Мәулен Әшімбаев туралы не білеміз?

Мәулен Әшімбаев 1971 жылдың 28 қаңтарында Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген.

Университетті бітірген соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Әр жылдары Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, мәжіліс депутаты болды.

Президент көмекшісі болып тағайындалғанға дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0