Ақорда

Тоқаев жаңа энергетика министрін Ақордаға шақырды  

329
Президент Нұрлан Ноғаевқа халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Кездесу барысында президент энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттердің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: Ноғаев энергетика министрі болды

Естеріңізге сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Нұрлан Ноғаевты Қазақстанның энергетика министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Атырау облысының экс-әкімі президенттің кеңесшісі болып кеткен Қанат Бозымбаевтың орнына келді.  

329
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан энергетика министрлігі
Тақырып бойынша
Тоқаев Шөкеевке халықтың табысына қатысты тапсырма берді
"Сөзімде тұрдым": Ноғаев өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді
Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы жаңа қызметке тағайындады
Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовті зейнетке жіберді
Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін латын әліпбиінің 10 нұсқасы қаралды
Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді

11
Президент Қазақстанның қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысына Қазақстан армиясының штаттық құрылымын оңтайландыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, қару-жарақтарды, әскери техника мен оқ-дәрілерді инвентаризациялау және тексеру, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндалды.

Ермекбаев Тоқаевқа қазіргі уақыттағы сын-қатерлерді ескере отырып, Қарулы күштердің жаңа келбетін қалыптастыру, түрлі табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою кезінде әскери қызметшілерді жұмылдыру мүмкіндігі мен қажеттігі жайында мәлімет берді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды

Сонымен қатар президент Ермекбаевтың әскери бөлімшелердің дайындығы, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс мәселелері, бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, әскери техникамен жабдықтау, Қорғаныс министрлігін автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі есебін тыңдады.

Жоғарғы бас қолбасшы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды, әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеріп, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.

11
Кілт сөздер:
Қорғаныс министрлігі, Нұрлан Ермекбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағы апатына байланысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Нұрмағамбетовті еске алды
МиГ-31 ұшағы апаты: қорғаныс министрі ұшқыштардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Депутаттар, отырыс

Парламенттік оппозиция туралы заң президентке жіберілді

144
(Жаңартылды 11:03 28.05.2020)
Заң жобасы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі отырыста сенаторлар екі заң жобасын қарастырды. Біреуі парламент комитеттерi мен комиссиялары туралы болса, екіншісі парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізуге арналды. Депутаттар екі заңды да бірауыздан қабылдады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобалары ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

"Елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға "парламенттік көпшілік" және "парламенттік оппозиция" енгізіліп отыр. Заңмен мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіліктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды", - деді Әшімбаев.

Ол жаңа заңнамалық нормалар елде парламенттік оппозицияға кепілдік беріп, кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Парламенттік оппозиция қалай жұмыс істейді?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттік оппозиция парламенттік көпшілікке енбейді. Ал саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты басқа позицияны ұстанады. 
Заң жобасында парламенттік оппозицияға мынадай құқықтар беріліп отыр:

  • бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау;
  • парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеу;
  • оппозиция мақұлдамайтын үкіметтік заң жобаларына альтернативті заң жобаларын енгізу.

Сонымен қатар, оппозициялық фракциялардың басшылары немесе өкілдері парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, мәжілістің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен басқа да шараларда сөз сөйлей алады.

Ал осы заңға ілеспе заң жобасы бойынша мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланады. Мәжілістің екі тұрақты комитетінің хатшыларын да парламенттік оппозиция ішінен сайлау ұсынылып отыр.

144
Кілт сөздер:
президент, заң, парламент
Тақырып бойынша
"Саяси реформа жүргізуге құлықсыз": саясаттанушылар парламенттік оппозиция туралы айтты
Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты
Депутат парламент алдында төбелес шығарды – видео
Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады
Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты заңды қабылдады
Kazpost постаматы, архивтегі фото

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы

11
(Жаңартылды 17:16 28.05.2020)
Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов курьерлік қызмет арқылы ақша табуға болатынын мәлімдеді. Оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, кей кезде сәлем-сауқат көп келеді. Әсіресе, күзде және жаңа жылдың алдында халық интернет арқылы тапсырыс жиі жасайды. Осындай уақытта Қазпоштаның қызметкерлері бәрін уақытында жеткізуге үлгермей жатады. Осыған байланысты алдағы уақытта курьерлік қызмет арқылы басқа адамдарға ақша табуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлер төтенше жағдай кезінде зейнетақыны қалай алады

"Мысалы, қазір Яндекс Таксиге кез келген адам тіркеліп, ақша таба алады. Сол сияқты біз де курьерлік қызметті ұсынамыз. Кез келген адам біздің жүйемізге қосылып, бос тұрған сәлем-сауқаттардың бар екенін көре алады. Соны жеткізгені үшін ақша алады. Жақын арада осындай қызметті іске қосамыз", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алады. Ал курьерлік компаниялар бос отырған қызметкерлеріне қосымша тапсырыс беріп отырады.

11
Кілт сөздер:
табыс, "Қазпошта"
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Карантиндегі көмек: Қазақстанда жаңа сайт іске қосылды
Енді қазақстандықтар су жаңа көлігін онлайн тіркей алады
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады