Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті

Назарбаевқа "Бейбітшілік кілемі" сыйға берілді

71
(Жаңартылды 20:59 19.12.2019)
"Бейбітшілік кілемі"  – қару-жарақ бейнеленген "соғыс" тақырыбындағы ауған кілемдерін жасау дәстүріне қарсы бағытталған жоба

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Бейбітшілік кілемі" табысталды. Ұлт көшбасшысы ерекше сыйлықты Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед әл-Джабердің қолынан алды.

Елбасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаевтың елшімен кездесуі барысында екі жақты қатынастарды нығайтудың, Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың, мәдени байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы жайлы айтылды.

"Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері біздің қарым-қатынасымыз өте қарқынды дамып келеді. Біз әрдайым БАӘ басшылығымен тығыз байланыста болдық. Осының арқасында елдеріміз арасындағы визасыз режим мәселесін шештік, рейстердің санын көбейттік. Бұл туристердің артуына жол ашып, тұтастай экономикалық қатынастардың кеңеюіне әсер етті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал Мұхаммед аль-Джабер БАӘ басшылығы атынан Қазақстанның одан әрі табысты дамуы мен өркендеуін тілей отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қай көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

"Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды серіктестердің бірі. Біз визасыз режим туралы келісімге қол жеткізуді оң бағалаймыз. Бұл кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды жеңілдетуге және инвестициялық белсенділікке ықпал етеді", - деді елші.

Сонымен қатар, дипломат Нұрсұлтан Назарбаевқа мәртебелі шейх Фатима бинт Мұхаммед бин Заидтің гуманитарлық жобасы аясында жасалған "Бейбітшілік кілемін" табыстады.

"Бейбітшілік кілемі" жобасы

Гуманитарлық жоба кілем тоқудың дәстүрлі қолөнерін насихаттауға және соғыс бейнелерінің осы өнерге енуіне қарсы тұруға бағытталған. Жоба аясында қолөнершілер бейбіт және гүлденген өмір туралы өздерінің көзқарастарымен кілемдер тоқиды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OPCD (@opcd_uae)

Ол – әскери қақтығыс, жауынгерлер мен қару-жарақ бейнеленген "соғыс" тақырыбындағы ауған кілемдерін жасау дәстүріне қарсы бағытталған жоба.

 

71
Кілт сөздер:
елші, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев: халықтың әл-ауқаты біршама емес, өте көп деңгейге көтерілді
Назарбаев қырғи-қабақ соғыс кезінде қабылданған актіні жаңартуды ұсынды
"Көбісі қайтыс болды" Назарбаев маңызды мәлімдеме жасады – видео
"Біз үшін соңғы соғыс болуы мүмкін": Назарбаев қорқынышты болжам жасады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады Тоқаев

178
Қасым-Жомарт Тоқаев "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада сөз сөйледі

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге өз үлесін қоса алады, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ форумында.

Мемлекет басшысы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ Дамушы елдер тобының атынан сөз сөйледі.

"Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі, делдалдық, жанжалдарды шешу және бейбітшілік орнату сияқты негізгі салалардағы жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса алады", - деді Тоқаев  "COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі шарада.

Ол пандемия кезінде Қазақстан коронавирустың өршуіне гуманитарлық жауап қату жаһандық жоспары аясында қаражат жібергенін атап өтті.

"Біз вирусқа қарсы күресте бірқатар елге гуманитарлық көмек көрсеттік", - деді Тоқаев.

Президент өз сөзінде жеке инвесторларды цифрлық теңсіздікті еңсеруге көмектесуге шақырды.

"Халықаралық сауда да барлық елдің, ең алдымен, аз дамыған елдердің мүдделері үшін тез дамып отыруы керек", - деп толықтырды ол.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты 

"COVID-19 дәуірінде және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" форумы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылып, бейнеконференция түрінде өтіп жатыр.

Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және басқа елдердің басшылары сөз сөйледі.

178
Кілт сөздер:
БҰҰ, коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Коронавирус салдары қандай болады - мамандар болжам жасады
Тоқаев: Қазақстан мен Швейцарияның ұстанымдары ортақ
Коронавирус пандемиясы кезінде Тоқаевтың жұмыс кестесі қалай өзгерді?
БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді
Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді

375
Президент Қазақстанның қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысына Қазақстан армиясының штаттық құрылымын оңтайландыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, қару-жарақтарды, әскери техника мен оқ-дәрілерді инвентаризациялау және тексеру, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндалды.

Ермекбаев Тоқаевқа қазіргі уақыттағы сын-қатерлерді ескере отырып, Қарулы күштердің жаңа келбетін қалыптастыру, түрлі табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою кезінде әскери қызметшілерді жұмылдыру мүмкіндігі мен қажеттігі жайында мәлімет берді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды

Сонымен қатар президент Ермекбаевтың әскери бөлімшелердің дайындығы, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс мәселелері, бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, әскери техникамен жабдықтау, Қорғаныс министрлігін автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі есебін тыңдады.

Жоғарғы бас қолбасшы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды, әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеріп, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.

375
Кілт сөздер:
Қорғаныс министрлігі, Нұрлан Ермекбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағы апатына байланысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Нұрмағамбетовті еске алды
МиГ-31 ұшағы апаты: қорғаныс министрі ұшқыштардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

378
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

378
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды