Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Санкт-Петербургтегі Еуразиялық экономикалық одақтың саммитіне бармайды

647
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Ресейдегі кездесуге кім барады деген сұраққа жауап берді   

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың бейресми саммитіне бармайды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың бейресми саммитіне қатысу-қатыспауына байланысты сұрақтар келіп түсуде. Осыған орай аталған саммитке еліміздің атынан Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатынын хабарлаймын", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, мемлекет басшысы мен Елбасы шет елге бірге сапарға шықпайды.

Тағы оқыңыз: Ресей біздің сыртқы саясатымыздың басым бағыты болып қала береді – Тоқаев

"Елбасы тиісті құжаттарды талқылау барысында өз пікірін айтуға құқылы. Құжаттарға қол қою құзыреті президентке тиесілі", - деп атап өтті Уәли.
Қасым-Жомарт Кемелұлы 20 желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысына қатысып, сөз сөйлеуді жоспарлап отыр.

  

647
Кілт сөздер:
саммит, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ресей Қазақстанға қанша гектар жерді қайтарады – сенат заң қабылдады
Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Президент Қырымның Ресейге қосылуына қатысты пікір білдірді
Путин мен Цзиньпин Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовті зейнетке жіберді
Ақорда, президенттің резиденциясы

Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды

218
Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Тоқаев Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттер басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда жандануы мүмкін

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Әңгіме соңында Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

218
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев
Компьютер, адамның қолы

Саяси партияларды тіркеу жеңілдеді: Қазақстанда жаңа заң қабылданды

75
(Жаңартылды 17:03 25.05.2020)
Саяси партияларды тіркеу үшін оның құрамында бұрынғыдай қырық мың емес, жиырма мың мүшесі болса жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сайлау туралы" Конституциялық заңға және "Саяси партиялар туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Енді Қазақстан парламентінде әйелдер мен жастар қатары артады.

"Сайлау туралы" конституциялық заңда саяси партиялар тіркеуге ұсынған партиялық тізімдерде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% квота енгізілді.

Бұл жастар мен әйелдердің парламентке және жергілікті өкілетті органдарға келуіне ықпал етеді деп күтілуде.

Ал "Саяси партиялар" туралы заңда саяси партияларды тіркеу жеңілдетілді.

Енді саяси партияны тіркеу үшін оның құрамында 40 мың емес, 20 мың мүшесі болса жеткілікті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жеті бірдей саяси партия тіркеуден өте алмады

Жаңа нормалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпал тигізбек.

Қос заң да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

75
Кілт сөздер:
сайлау, партия, заң, Қасым-Жомарт Тоқаев
Коронавирус, вакцина

Өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды

3
(Жаңартылды 09:41 28.05.2020)
Коронавирусқа байланысты соңғы мәліметке сәйкес, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды. Өсім - 2,9%.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 56 (3,2%)

Қарағанды облысы - 49 (7,0%)

Алматы қаласы - 25 (1,1%)

Ақтөбе облысы - 22 (7,8%)

Батыс Қазақстан облысы - 21 (4,4%)

Қызылорда облысы - 20 (6,6%)

Шымкент қаласы - 17 (2,4%)

Түркістан облысы - 17 (5,0%)

Атырау облысы - 15 (1,6%)

Алматы облысы - 14 (4,6%)

Қостанай облысы - 5 (3,8%)

Жамбыл облысы - 4 (1,1%)

Ақмола облысы - 2 (1,4%)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (4,1%)

Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,4%)

Маңғыстау облысы - 1 (0,6%)

Павлодар облысы - 1 (0,5%)

155 адам емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37.

Данные по коронавирусу на утро 28 мая
© Photo :
Коронавирусқа қатысты соңғы ақпарат, 28 мамыр
3
Кілт сөздер:
Қазақстан, адам, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді