Қазақстан парламенті

Қазақстанда парламенттік оппозиция институты пайда болады

123
Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары өз ұстанымын ашық білдіріп жүрген белсенді азаматтар бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселені шешуге атсалысты

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда парламенттік оппозиция институты пайда болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті ұсыныстар мен заң жобасын әзірлеп, парламентке енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізге парламенттік оппозиция институты қажет. Біз жаңа қоғамдық парадигманың басты шарты баламалы көзқарастар мен пікірлер екенін түсінуіміз керек. Соңғы жылдары өз ұстанымдарын ашық білдіріп жүрген белсенді азаматтар бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселені шешуге атсалысты. Біз балама пікірлер мен қоғамдық талқылау тоқыраудың басы емес, дамудың басты талаптарының бірі екеніне көз жеткіздік. Сондықтан парламенттегі саяси азшылықтың негізін заң жүзінде бекіту қажет", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Бұл үшін, президенттің ойынша, парламент туралы заңды саяси азшылыққа кепілдік беретін нормалармен толықтыру қажет.

"Мысалы, басқа да партиялардың өкілдері парламенттегі кейбір комитеттердің төрағасы лауазымын иелене алатындай жағдай жасау керек. Бұл биліктің заң шығару тармағындағы баламалы қызметтің жүйелі жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді президент.

Сөз соңында Тоқаев осы және басқа да бастамалар бойынша үкіметке президент әкімшілігімен бірлесіп, тиісті ұсыныстар мен заң жобаларын әзірлеп, парламентке енгізуді тапсырды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі

Кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өткен еді. Ол кезде спикерлер зейнетке шығу жасын қайта қарауды, өлім жазасын жаза ретінде алып тастауды, сайлау заңнамасын реформалауды және мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынған болатын.

Қазақстан президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты тапсырма берді

Ұлттық кеңес мүшелері үш топқа бөлінді: экономика, саяси модернизация және әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі жұмыс тобы.

Кеңес отырыстары қажеттілікке қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі болмауы тиіс. Оның құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдері кіреді.

123
Кілт сөздер:
парламент
Тақырып бойынша
Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек туралы ойын айтты
Қазақстан Қытайдан қанша қарыз алады – парламент заң қабылдады
Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады
Депутат парламент алдында төбелес шығарды – видео
Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты заңды қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев

ЕАЭО мен Өзбекстан басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон соқты 

55
(Жаңартылды 17:38 06.07.2020)
Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті 80-ге келді. Нұрсұлтан Назарбаевқа келіп жатқан құттықтаулардың легі толастайтын емес. Елбасыға Владимир Путин, Александр Лукашенко, Шавкат Мирзиеёв пен Сооронбай Жээнбеков телефон соқты

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстанның басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Elbasy.kz.

Владимир Путин Елбасының саяси көрегендігі мен мол тәжірибесі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді күшейтуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде Ресей басшысына жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Өзбекстан президенті де Назарбаевқа 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және Қазақстанның өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

"Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күш-жігерінің, парасатты және көреген басшылығының арқасында Қазақстан өзінің үлкен экономикалық және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдаланып, әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналғанын атап өтті. Өзбекстан көшбасшысы Тұңғыш Президент тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренада да зор құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті", - делінген ресми хабарламада.

Беларус президенті Александр Лукашенко Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан халқының біраз жетістікке жеткенін және табысты мемлекеттің құрылғанын айтты. Ал Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның сәтті дамуы және оның халқының әл-ауқатының өсуі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін, ал Ұлт көшбасшысының тәжірибесі мен беделі өңірдегі интеграциялық үдерістерді дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін өз құттықтауларын ҚХР, Әзербайжан, Украина, Армения, Литва, Латвия, Польша мен Иордания басшылары жеткізген болатын.

55
Кілт сөздер:
Назарбаев
Нурсултан Назарбаев

Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео

6210
(Жаңартылды 19:57 03.07.2020)
Фильм 6 шілде күні сағат 21.40-та эфирге шығады. Елбасының баспасөз қызметі фильмнің анонсын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті билік транзиті мен коронавирус пандемиясының әсері туралы айтты. Елбасының баспасөз қызметі "Пусть следующие поколения сделают лучше меня..." деректі фильмінің анонсын жариялады.

Жарыққа шығатын фильм журналист Айгүл Әділова мен Елбасы баспасөз қызметінің арнайы жобасы. Көрермендер фильмді 6 шілде күні сағат 21.40-та "Хабар" арнасынан тамашалай алады.

"Биліктің ауысуы - қауіпті сәт. Бұл кезде үнемі тәртіпсіздіктер болады. Барлық саяси күштер бас көтереді. Мен осыны ескердім", - деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, коронавирус билік жақсы басқаратын елдер қиындыққа төтеп бере алатынын көрсетті. Ол адамдар көз жұмып жатқан жағдайда жылдам шешім қабылдау маңызды екенін айтты.

6210
Кілт сөздер:
видео, фильм, билік, Назарбаев
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
"Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев маңызды жоба туралы айтты
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Тоқаев коронавирус жұқтырған Назарбаев туралы жазба жариялады
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

135
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

135
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?