Саясат

"Нұрсұлтан Әбішұлы, бәрі жұмыс істеп тұр": Путин Назарбаевқа алғыс айтты

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и первый президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев
Президент РФ Владимир Путин и первый президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтегі Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына бармады – Қазақстанның атынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шағын құрамда өткен кездесу кезінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин барлығына сәттілік тілеп, ұйымның құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. 

"Бүгін біз жаңа жылдың алдында кездесіп отырмыз. Сондықтан осынау мерекенің алдында біздің жұмысымыз көңіл-күйімізге сай болады деп сенемін. Ал осы жұмыстың негізгі мақсаты – барлық жоспарымызды іске асыру. Соған қарай жүруіміз керек. Мен дәл қазір ортақ жұмыстың барлық артықшылығын тәптіштеп, айтпай-ақ қояйын", - деді Путин.

Ресей басшысы осы орайда құрметті төраға Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бір мәрте алғыс айтты.

"Ол осы бірлестіктің құрылуына бастамашы болды. Нұрсұлтан Әбішұлы, бізде бәрі жұмыс істеп тұр, бәрі өте жақсы жұмыс істеп тұр. Біз сізді қарсы алғанымызға қуыныштымыз", - деп түйіндеді ол.

Тағы оқыңыз: Путин Назарбаевтың ұсынысы туралы не ойлайтынын айтты - видео 

Айта кетейік, Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес одақтың негізгі мәселелерін шешіп отырады. Бұдан бөлек, ұйымның стратегиясы мен интеграцияның бағыттарын айқындап, ЕАЭО-ның негізгі шешімдерін қабылдайды. Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің төрағалығы Беларуське ауысты.

Жаңалықтар
0