АҚШ президенті Дональд Трамп

Саясаттанушы АҚШ-Иран қақтығысы жайлы: Трамп абырой-беделін көтеріп алды

939
(Жаңартылды 15:05 11.01.2020)
Самат Нұртазаның пікірінше, АҚШ-Иран қақтығысы Америкадағы президент сайлауы алдында тағы да күшеюі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық саясаттанушы Самат Нұртаза АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы жағдайдың арқасында америкалықтар алдында біраз саяси ұпай жинап алды деп санайды. Оның пікірінше, мұның бәрі Трамптың президенттік сайлау алдындағы саяси ойыны.

"Касем Сулейманидің өліміне дейін Трамптың Америка қоғамындағы  абыройы-беделі өте төмен болатын. Оның үстіне импичмент мәселесіне байланысты өз елінде беделі түсіп бара жатқан кез еді. Сулейманидің өлтірілуі, Иранмен қақтығысты бастап, кейін соғыспай кері қайтуы Америка қоғамында бір пікір қалыптастырады. Ол қандай пікір дейсіз ғой: Дональд Трамп бізді қорғайды, Трамп – Американың сақтаушысы, Американың қорғаушысы, Американың жақтаушысы, Трамптан басқа бізді ешкім қорғап қала алмайды" деген сияқты бір месседж жіберген сияқты болып көрінеді. Ирандағы жағдайдың арқасында Трамп өзінің абырой-беделін сәл де болса  көтеріп алды", - деді Нұртаза Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Саясаттанушының пікірінше, осы жылдың қарашасына жоспарланған Америкадағы президент сайлауы алдында АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс тағы да күшеюі мүмкін.

"Сол кезде Трамп тағы да жақсы келіссөздер жүргізіп, Американың айбарын, қаһарын көрсетіп, сайлау алдында саяси ұпай жинап алады деп ойлаймын", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Иранның АҚШ әскери базасына зымыран ұшырған сәтінің видеосы жарияланды

Нұртаза күні кешегі АҚШ пен Иран арасындағы жанжалдың ушығуын қырық жылдан бері жалғасып келе жатқан қырғи-қабақ соғыстың жалғасы деп атады.

Саясаттанушының айтуынша, санкциядан кез келген ел зардап шегеді. Алайда, 80 миллион халқы бар Иран – өз-өзін асырай алатын мемлекет.

"Екіншіден, қаза болған Касем Сулейманидің "КСИР" (Ислам революциясы сақшылары корпусы) деген армиясы Иранға азық-түлік пен керек-жарақты заңсыз кіргізетін ұйым ретінде танылған. Яғни, олар Иран еліне көмектесу үшін заңды түрде контрабанда жасап жүр. Былай қарасаңыз, "КСИР" Иранның Робин Гудтары ғой. Елге ресми түрде тамақ, дәрі-дәрмек кірмейді, бірақ та барлығын "КСИР" әкеліп отыр", - деп түсіндірді Самат Нұртаза.

Оның айтуынша, АҚШ-тың Иранға қарсы енгізетін экономикалық санкциялары Қазақстан экономикасына ешқандай әсер етпейді. Керісінше, мұнайдың қымбаттағаны біздің елге жақсы.

"Менің ойымша, егер соғыс болса, онда әсері болар еді. Қазақстан үшін Ирандағы соғыс тиімді болар еді. Қазақстанның сыртқы, ішкі саясатын жөндеп алуға, есін жиып, етек-жеңін жиып алуға уақыты болады. Себебі ол қақтығысқа Ресей де, Қытай да кіріп кетер еді де, үлкен державалардың Қазақстанмен шаруасы болмас еді", - деп санайды Нұртаза.

Оның айтуынша, кез келген бір елдегі соғыс соғысып жатпаған басқа мемлекеттер үшін тиімді.

"Себебі сен оларға мұнайыңды, қаруыңды сата аласың. Күріш пен ұныңды сата аласың. Яғни, сенің зауыт-фабрикаларың жұмыс істейді. Соғысып жатқан мемлекет саған тәуелді болады. Сондықтан да соғыс кезінде соғыспаған мемлекет ұтады", - дейді ол.

АҚШ пен Иран қақтығысы

Екінші қаңтарда Бағдад әуежайына бірнеше зымыран соққысы жасалды.

Шабуыл салдарынан Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы "Кудс" арнайы бөлімшесінің басшысы, генерал Касем Сулеймани және Ирактың "Аль-Хашд аш-Шааби" шейіт жасағының бірқатар жоғары лауазымды мүшесі қаза тапты.

Тағы оқыңыз: АҚШ пен Иран қақтығысы: Тоқаев Ақордада кеңес өткізіп, тапсырма берді

Шабуыл үшін жауапкершілікті Америка Құрама Штаттары өзіне алды. Иран өз кезегінде генерал Сулеймани өлімі үшін АҚШ-тан кек қайтарамыз деп уәде берді.

Сегізінші қаңтарда Ислам революциясы сақшалыры корпусы Сулеймани өліміне жауап ретінде Ирак аумағында орналасқан Америка Құрама Штаттарының "Айн-аль-Асад" әуе базасы мен Эрбиль әуежайына зымыран соққысын жасады.

Осыдан кейін әлем жұртшылығы Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетуі мүмкін деп қауіптенген еді. Алайда қорқыныш сейілді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран америкалық әскери базаға зымыран ұшырғаннан кейін мәлімдеме жасады. Трамп АҚШ Иранға қатысты жаңа санкциялар салатынын айтты.

939
Кілт сөздер:
саясат, қақтығыс, Иран, АҚШ
Тақырып:
АҚШ пен Иран қақтығысы (13)
Тақырып бойынша
Иран АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен соққы жасады
АҚШ-Иран қақтығысы: Air Astana Дубайға ұшу бағытын өзгертеді
Алматыда ашаршылық құрбандарына орнатылған ескерткіш

Тоқаев ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды тапсырды

7
Мемлекет басшысы келесі жылы өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Президентке бүкіләлемдік пандемияға қарамастан ұлы Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын орданың (Ұлық Ұлыс) 750 жылдығы және ТМД елдерінің биылғы мәдени астанасы Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған іс-шаралардың мазмұнды түрде жүзеге асуы туралы ақпарат берілді.

Оқи отырыңыз: Бірде-бір елге Қазақстан секілді толықтай жойылып кету қаупі төнбеген – Назарбаев 

Кездесуде мемлекет басшысы келесі жылы өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссияға кезінде қазақ халқының басынан өткен ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды міндеттеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар мемлекеттік хатшы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру және мемлекеттік тілдің функционалдық мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныс-пікірлерді баяндады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын ұлтты жаңғырту бағдарламасы ретінде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.  

Президент мемлекеттік хатшыға 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді бақылауда ұстауды тапсырды.

7
Кілт сөздер:
тәуелсіздік, ашаршылық
Тақырып бойынша
Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
"Халық тағдыры – карта ойыны емес": Міржақып Дулатұлы жайлы қызықты деректер
Күрес пен үміт: АЛЖИР мен Карлаг лагерьлерінің қайғы-қасіреті - фото
Қарағанды қаласы

Президент Қарағанды облысының әкіміне тапсырма берді

29
Жеңіс Қасымбек президентке жыл басынан бергі аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берді

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Жеңіс Қасымбек президентке жыл басынан бергі аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берді.

"Облыс әкімі қайта өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы өндірісіндегі оң өзгеріс, астық жинау науқаны туралы баяндады. Аймақтың жылыту маусымына дайындығы және жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру барысы, тұрғын үй және инфрақұрылымдық құрылыс туралы ақпарат берді ", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар кездесу барысында президентке облыстағы коронавирус індетінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары, пандемияның болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жағдайы, медициналық инфрақұрылымдар мен дәрігерлерді даярлау жұмыстары туралы баяндалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың жарлығы қоғамдық талқылауға шығарылды 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, өңірге инвестиция тарту және басқа да аймақты дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

29
Кілт сөздер:
Жеңіс Қасымбек, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Шығыс Қазақстанға не үшін баратынын айтты
Тоқаев Көлгіновтің есебін тыңдап, бірқатар тапсырма берді
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Ауыл әкімдерін халық сайлайды – Тоқаев
Сапарбаев президентке Қордайдағы жағдайды баяндап берді