Аскар Мамин

Асқар Мамин төраға қызметінен кетті

19205
(Жаңартылды 18:21 15.01.2020)
Директорлар кеңесінен Тимур Сүлейменов те кетті, жаңа құрамға президент көмекшісі Қанат Бозымбаев кірді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан eGov порталына сілтеме жасап.

Үкімет қаулысымен премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінен шығарылды. Сонымен қатар президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов те кеңестен кетті.

Кеңестің жаңа құрамына президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев кірді.

Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Тағы оқыңыз: Асқар Маминнің өмірбаяны

Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесін 2019 жылдың наурызынан бастап басқарды.

Мамин 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды.

19205
Тақырып бойынша
Тоқаев пен Мамин үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысын талқылады
Мамин ақпараттық жүйесі дұрыс істемейтін мемлекеттік органдарды атады
Мамин ауа райының бұзылуына байланысты тапсырма берді
Мамин "Росатом" басшысымен бірлескен жобаларды талқылады
Мамин: Қаза болғандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден бөлінеді
Мамин Жаңа жыл алдында шенеуніктерге бірқатар тапсырма берді
Загрузка...