Әсет Исекешев

Тоқаев Исекешевті басқа жұмысқа ауыстырды

1546
(Жаңартылды 18:35 16.01.2020)
Әсет Өрентайұлы Исекешев бұған дейін Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әсет Исекешевті Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындады.

"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.  

Бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін бұрынғы ішкі істер минисрі Қалмұханбет Қасымов атқарған болатын.
Қасымов Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттік күзет қызметінің басшылығына келді.

Тоқаев Қасымовты жаңа қызметке тағайындады

Әсет Исекешев туралы не білеміз?

1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған. 

2008 жылдың ақпанында Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2009 жылдың мамырынан – ҚР индустрия және сауда министрі.

2010 жылдың наурызынан – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі. 

2012 жылдың қаңтарынан – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қыркүйегінен – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың тамызынан – ҚР инвестициялар және даму министрі.

2016 жылдың 21 маусымынан – Астана қаласының әкімі.

2018 жылдың 10 қыркүйегінен – Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы.

2019 жылдың 25 наурызынан бүгінге дейін – Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры.   

1546
Кілт сөздер:
Әсет Исекешев
Тақырып бойынша
Назарбаев Қасымбековтің өкілеттігін ұзартты
Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы жаңа қызметке тағайындады
Қазақстан президентінің іс басқармасында кадрлық ауыс-түйіс болды
Тоқаев Мәсімовтің орынбасарын тағайындады
Загрузка...