Баннер

Еуроодақ беделіне нұқсан келді - Лавров Sputnik Эстонияға қатысты пікір айтты

36
(Жаңартылды 18:40 17.01.2020)
Ресей сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Эстония билігінің Sputnik журналистеріне қатысты әрекеттері ерсі деген пікірде

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Ресей сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Сергей Лавров Таллиннің Sputnik Эстония қызметкерлеріне қатысты әрекеттерін "Еуроодақ беделіне нұқсан келді" деген бір ауыз сөзбен бағалады.

"Sputnik Эстонияға қатысты нақты әрекеттерге келсек, меніңше, бұл ерсі іс-қимыл. Біз күнделікті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан реакция талап етеміз. Еуроодаққа айтарымыз, оның мүшелері Еуропаның декларацияланған, қорғалған құндылықтарына өздері қарсы келіп отыр. Ал Еуроодақтың бұл мәселеге бейжай қарауы, ештеңе істей алмауы – бұл Еуропа одағының беделіне келген кезекті нұқсан", - деп Лавров Sputnik Эстония шеф-редакторы Елена Черышеваның сұрағына жауап берді.

Сондай-ақ, бұған дейін Эстония тұрғындары Sputnik қызметін тоқтатуды цензураға теңеген болатын.

Тағы оқыңыз: ЕҚЫҰ бас хатшысы Sputnik Эстония агенттігіне қатысты хатқа жауап береді 

36
Кілт сөздер:
ақпараттық ресурстар, сыртқы істер министрлігі, Еуропалық одақ
Тақырып бойынша
Қазақстан журналистер одағы Sputnik Эстонияға қатысты мәселеге пікір білдірді  
ЕҚЫҰ өкілі Sputnik Эстония қызметкерлеріне қысым жасамауға шақырды
Ресей Sputnik төңірегіндегі жағдай бойынша Эстония билігіне үндеу жасады
Sputnik Эстония төңірегіндегі дау: редакция қызметкерлері жұмыстан шығуға мәжбүр
Sputnik Эстония дауы: Ресей қысым көрсеткендерге жауап қайтармақ
Загрузка...