Саясат

ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері келесі кездесу орнын белгіледі

© Photo : пресс-служба правительства КазахстанаПремьер-Министр РК Аскар Мамин принял участие в заседаниях Евразийского межправительственного совета (ЕМПС)
Премьер-Министр РК Аскар Мамин принял участие в заседаниях Евразийского межправительственного совета (ЕМПС) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылдың сәуірінде ЕАЭО-ға мүше елдердің үкімет басшылары Минскте өтетін үкіметаралық кеңеске қатысады

АЛМАТЫ, 31 қаңтар — Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 9-10 сәуірде Беларусь астанасында өтеді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлімдеді.

"Үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 9-10 сәуірде Минск қаласында өтеді деген келісімге келдік", - деді Тигран Саркисян 31 қаңтарда Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы аясында 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО елдерінде жүргізілетін мемлекеттік сатып алуларды электрондық форматқа толығымен ауыстыруды ұсынды.

Бұған қоса, ол ортақ бәсекелестік ережелері бұзылған кезде бизнеске шығынын өтеу бөлігінде ЕАЭО туралы келісімшартқа өзгерістер енгізуді реттеу бастамасын айтты. 

Тағы оқыңыз: Қазақстан премьер-министрі ЕАЭО кедергілерін еңсеру жұмысын күшейтуді ұсынды

Жаңалықтар
0