Нұрсұлтан Назарбаев, фото

Назарбаев өткізетін үлкен жиынның уақыты белгілі болды

10312
(Жаңартылды 13:34 06.02.2020)
Жиынның нақты уақыты туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 18 наурыз күні Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

"Nur Otan партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Партияның негізгі міндеттері талқыланады", - деді Айдос Үкібай.

Бұған дейін Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын. Тұңғыш президентке партия активінің сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмыс пен саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық туралы есеп берілді.

10312
Кілт сөздер:
"Нұр Отан" партиясы, наурыз, Назарбаев
Тақырып бойынша
Есімов Назарбаевқа сыртқы қарыз 5,1 миллиард долларға азайғанын хабарлады
Ақордада Назарбаевтың стипендиясы табысталды
"Жағдай өзгеріп жатыр": Назарбаев Донақовты қабылдады
Елбасы Мишустинмен кездесуде: Сіз бұл қызметке өте қиын кезеңде келіп отырсыз
Назарбаев қорғаныс министрі мен Ресейдегі елшіні қабылдады
Загрузка...