Саясат

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жаңа орталық құрылды – оны кім басқарады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді, негізгі мақсаты – реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі жанынан әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

24 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығын құру туралы айтқан болатын.

"Орталыққа президент әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді", - деп жазды Уәли фейсбукте.

Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді.

Институттың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

Тимур Сүлейменов туралы не білеміз?

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша білім алған.

Тағы оқыңыз: Үкімет Тоқаевтың сөзінен кейін ақшаны үнемдеудің жолын тапты

Әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың наурызында ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалып, көп ұзамай президенттің көмекшісі болды.

© Sputnik / Болат ШайхиновТимур Сүлейменов
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жаңа орталық құрылды – оны кім басқарады - Sputnik Қазақстан
Тимур Сүлейменов

Ал 2019 жылдың шілдесінде президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Жаңалықтар
0