Саясат

Тоқаев тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент елорда әкімдігінің жұмысына оң баға беріп, қаланы абаттандыру ісін одан әрі қарқынды жүргізу бойынша міндеттер қойды

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Кездесуде Алтай Көлгінов мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.

"Орындай алатынымызға сенемін": Тоқаев байларға үндеу жасады 

Қазақстан президентіне тұрғын үй, әлеуметтік нысандар: мектептер, ауруханалар мен емханалар, жеңіл атлетика стадионын салу жоспарлары, қазақ драма театрының  құрылысы жөнінде баяндалды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты", - деп хабарлады Ақорданың сайты

Сонымен қатар, мемлекет басшысы елорда әкіміне қаланың инженерлік желілерін нығайтып, кәріз жүйелерін жаңарту жөнінде нақты тапсырма берді.

Жалпы, президент елорда әкімдігінің жұмысына оң баға беріп, қаланы абаттандыру ісін одан әрі қарқынды жүргізу бойынша міндеттер қойды.

 

Жаңалықтар
0