Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

Біздің Қытаймен қарым-қатынасымыз керемет - Тоқаев

972
Мюнхен конференциясының қатысушылары Қазақстанның қос алып көршісі Қытай және Ресеймен қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынасына қызығушылық танытты

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Еуроодақтың халықаралық қатынас жөніндегі кеңес басшысы Ричард Натан Хаас Мюнхен конференциясында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қазақстанның Ресей мен Қытаймен арақатынасы туралы сұрады. Мемлекет басшысы бұл екі ел де Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін айтты.

"Біздің Қытаймен қарым-қатынасымыз керемет. Ортақ шекарамыз 1 700 шақырымды құрайды. Қытайдың Қазақстанда ғана емес, тұтас Орталық Азияда іс жүргізуге қаржылық мүмкіндігі бар. Короновирус шыққанға дейін солай болатын", - деді Тоқаев. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Сонымен қатар, президент Қазақстан мен Орталық Азия үнемі жаһандық геосаясаттың басты назарында қала беретіндігіне сенім білдірді.

Тоқаевтың сөзінше, Ресей мен Қазақстан әлемдегі ең ұзын ортақ шекараға ие.

"Сондықтан, Ресей де біздің стратегиялық серіктесіміз", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Тоқаев неміс бизнесмендеріне не айтты

Қазақстан президенті Германияға сапары аясында немістің ірі бизнес өкілдерімен кездесіп, оларды Қазақстанға шақырды. Елімізде шетелдік кәсіпкерлер үшін арнайы салық режимі енгізіліп, инвестицияға қолайлы жағдай жасалып отыр.

"Қазіргі кезде Қазақстан үшін экономиканы диверсификациялау өте маңызды. Сондықтан біз әлемнің ақылды адамдары Қазақстанға келіп, экономикалық әлеуетті өсіруге көмектескенін қалаймыз", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарды алаңдатып отырған мәселеге қатысты тапсырма берді

Бүгінде Қазақстан мен Германия арасында өнеркәсіп, экономика және ғылым саласында 35 келісімшартқа қол қойылған.

Айта кетсек, соңғы үш айда Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен екінші рет барып отыр.

972
Кілт сөздер:
Қытай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев: Бұзақылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуы тиіс
Қытай Помпеоның Шыңжаңдағы қазақтар қысым көріп жатыр деген мәлімдемесіне жауап қатты
Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты
Қытай туралы қауесетті кім таратады – Қытай елшісі ашық сұхбат берді
Қытай дәрігерлері бетперде кигеннен кейінгі түрін көрсетті – фото
Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты басшыларды Ақордаға шақырды
Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Тоқаев қорғаныс министріне тапсырма берді

12
Президент Қазақстанның қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысына Қазақстан армиясының штаттық құрылымын оңтайландыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, қару-жарақтарды, әскери техника мен оқ-дәрілерді инвентаризациялау және тексеру, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндалды.

Ермекбаев Тоқаевқа қазіргі уақыттағы сын-қатерлерді ескере отырып, Қарулы күштердің жаңа келбетін қалыптастыру, түрлі табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою кезінде әскери қызметшілерді жұмылдыру мүмкіндігі мен қажеттігі жайында мәлімет берді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Есімовті Ақордаға не үшін шақырды

Сонымен қатар президент Ермекбаевтың әскери бөлімшелердің дайындығы, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс мәселелері, бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, әскери техникамен жабдықтау, Қорғаныс министрлігін автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі есебін тыңдады.

Жоғарғы бас қолбасшы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды, әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеріп, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.

12
Кілт сөздер:
Қорғаныс министрлігі, Нұрлан Ермекбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағы апатына байланысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Нұрмағамбетовті еске алды
МиГ-31 ұшағы апаты: қорғаныс министрі ұшқыштардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды
Тоқаев мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
Депутаттар, отырыс

Парламенттік оппозиция туралы заң президентке жіберілді

145
(Жаңартылды 11:03 28.05.2020)
Заң жобасы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі отырыста сенаторлар екі заң жобасын қарастырды. Біреуі парламент комитеттерi мен комиссиялары туралы болса, екіншісі парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізуге арналды. Депутаттар екі заңды да бірауыздан қабылдады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобалары ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

"Елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға "парламенттік көпшілік" және "парламенттік оппозиция" енгізіліп отыр. Заңмен мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіліктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды", - деді Әшімбаев.

Ол жаңа заңнамалық нормалар елде парламенттік оппозицияға кепілдік беріп, кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Парламенттік оппозиция қалай жұмыс істейді?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттік оппозиция парламенттік көпшілікке енбейді. Ал саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты басқа позицияны ұстанады. 
Заң жобасында парламенттік оппозицияға мынадай құқықтар беріліп отыр:

  • бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау;
  • парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеу;
  • оппозиция мақұлдамайтын үкіметтік заң жобаларына альтернативті заң жобаларын енгізу.

Сонымен қатар, оппозициялық фракциялардың басшылары немесе өкілдері парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, мәжілістің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен басқа да шараларда сөз сөйлей алады.

Ал осы заңға ілеспе заң жобасы бойынша мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланады. Мәжілістің екі тұрақты комитетінің хатшыларын да парламенттік оппозиция ішінен сайлау ұсынылып отыр.

145
Кілт сөздер:
президент, заң, парламент
Тақырып бойынша
"Саяси реформа жүргізуге құлықсыз": саясаттанушылар парламенттік оппозиция туралы айтты
Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты
Депутат парламент алдында төбелес шығарды – видео
Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады
Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты заңды қабылдады
Kazpost постаматы, архивтегі фото

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы

14
(Жаңартылды 17:16 28.05.2020)
Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов курьерлік қызмет арқылы ақша табуға болатынын мәлімдеді. Оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, кей кезде сәлем-сауқат көп келеді. Әсіресе, күзде және жаңа жылдың алдында халық интернет арқылы тапсырыс жиі жасайды. Осындай уақытта Қазпоштаның қызметкерлері бәрін уақытында жеткізуге үлгермей жатады. Осыған байланысты алдағы уақытта курьерлік қызмет арқылы басқа адамдарға ақша табуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлер төтенше жағдай кезінде зейнетақыны қалай алады

"Мысалы, қазір Яндекс Таксиге кез келген адам тіркеліп, ақша таба алады. Сол сияқты біз де курьерлік қызметті ұсынамыз. Кез келген адам біздің жүйемізге қосылып, бос тұрған сәлем-сауқаттардың бар екенін көре алады. Соны жеткізгені үшін ақша алады. Жақын арада осындай қызметті іске қосамыз", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алады. Ал курьерлік компаниялар бос отырған қызметкерлеріне қосымша тапсырыс беріп отырады.

14
Кілт сөздер:
табыс, "Қазпошта"
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Карантиндегі көмек: Қазақстанда жаңа сайт іске қосылды
Енді қазақстандықтар су жаңа көлігін онлайн тіркей алады
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады