Саясат

Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновМинистр по делам религий и гражданского общества Дархан Калетаев
Министр по делам религий и гражданского общества Дархан Калетаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Самат Ордабаев қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен Украина, Ирак және Палестинадағы төтенше және өкілетті елшілерді тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл лауазымда бұған дейін болған Самат Ордабаев қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның алты өңірінде басшылар ауысты

Ал Қазақстанның Иордан корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Айдарбек Тұматов Қазақстанның Ирактағы, Палестинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Дархан Кәлетаев туралы не білеміз?

1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Приозерное ауылында туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1997 жылы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1995 жылы министрлер кабинеті жанындағы тіл комитетінің бірінші санаттағы маманы, жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары президент әкімшілігі басшысының орынбасары, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры, сенат депутаты, дін істері және азаматтық қоғам министрі, қоғамдық даму министрі, премьер-министр кеңсесінің басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылдың 25 наурызынан 18 желтоқсанына дейін Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

Жаңалықтар
0