Ақорда

Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді

60
(Жаңартылды 20:14 24.02.2020)
Кездесу барысында екі ел арасында сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.

Глава государства принял вновь назначенного посла Казахстана в Украине Дархана Калетаева
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады

"Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді", - деп жазды Ақорда.

Оқи отырыңыз: Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Дархан Кәлетаев туралы не білеміз?

1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Приозерное ауылында туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1997 жылы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1995 жылы министрлер кабинеті жанындағы тіл комитетінің бірінші санаттағы маманы, жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары президент әкімшілігі басшысының орынбасары, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры, сенат депутаты, дін істері және азаматтық қоғам министрі, қоғамдық даму министрі, премьер-министр кеңсесінің басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылдың 25 наурызынан 18 желтоқсанына дейін Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.

60
Кілт сөздер:
Украина, елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев "Air Astana" басшылығымен кездесуде қандай мәселе көтерді?
Тоқаев: Кардиохирургия орталығы – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба
Тоқаев интернетті қымбаттатпауды тапсырды
Тоқаев министр Абаевқа қандай тапсырма берді?
Тоқаев Жүрсіновке жаңа жұмыс тауып берді
Біздің Қытаймен қарым-қатынасымыз керемет - Тоқаев
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы жаңа елшілерді тағайындады

39
(Жаңартылды 11:20 22.05.2020)
Мемлекет басшысы екі елшіні жаңа дипломатиялық лауазымдарды қоса атқарушы қызметіне тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды  

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы елшілерді тағайындады.

Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстанның Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Қазақстанының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Арыстанов Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Данияр Сарекенов дипломатиялық еңбек жолын 1993 жылы сыртқы істер министрлігінде атташе қызметінен бастады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. Кейінірек, сол жылы ол Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды, бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.

Аркен Арыстанов әр жылдары қаржы саласында еңбек етті. 2011-2013 жылдары "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды. 2014-2019 жылдары – Қазақстанның Франциядағы елшілігінде инвестициялар жөніндегі кеңесші.

2019 жылы ол Қазақстанның Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы елшісі болып тағайындалды.

39
Кілт сөздер:
елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді
Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады
АҚШ президенті Дональд Трамп

Трамп АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығатынын жариялады

89
(Жаңартылды 10:04 22.05.2020)
Егер ештеңе өзгермесе, Америка Құрама Штаттары үшін келісімшарттың әрекет ету мерзімі жарты жылдан кейін аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің Ашық аспан келісімінен шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз деп ойлаймыз, бірақ олар келісімшартты ұстанбады. Сондықтан біз шығамыз. Бірақ бізде жаңа келісімге қол жеткізуге немесе осы келісімшартты бірге қайтару үшін бір нәрсе жасауға болатын жақсы мүмкіндік бар", - деп хабарлады Трамп.

Оқи отырыңыз: Ресей АҚШ-қа гуманитарлық көмек жіберді 

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео кейінірек Вашингтон келісімнен алты айдан кейін шығатынын мәлімдеді. Ол Штаттар Ресей келісімшартты "қайта сақтай бастаған" жағдайда ғана шешімін өзгертуі мүмкін екенін атап өтті.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеу ешқандай заңбұзушылыққа жол берген жоқ деп жауап берді.

"Біз кейбір техникалық проблемалардың болуын осы іргелі келісімнен шығуға себеп қылуды құптамаймыз. АҚШ Ресей тарапынан заңбұзушылық ретінде көрсетуге тырысып жатқан осы техникалық мәселелерді талқылауды одан әрі жалғастыруға ештеңе кедергі емес", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко.

Грушко Ашық аспан келісімшарты 20 жылдан астам уақыт ішінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдағанын және "барлық элемент өзара байланысты болатын әскери қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болды" деп атап көрсетті.

Вашингтон бұған дейін Мәскеудің 2019 жылдың қыркүйегінде АҚШ-Канада миссиясының ұшуына рұқсатты кері қайтарып, келісімшартты бұзғанын мәлімдеген. Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарып, заңбұзушылық АҚШ тарапынан болғанын көрсетті. Атап айтқанда, 2016 жылы Вашингтон аралық аэродромдардың қажетті санын беруден бас тартып, ресейлік ұшақтардың қауіпсіз келуін қамтамасыз етпеген.

Ашық аспан келісімшарты

1992 жылы қол қойылған құжат қырғи қабақ соғыстан кейін Еуропадағы сенімді нығайту шараларының бірі болды. Ол 2002 жылдан бері жұмыс істейді және қатысушы елдерге бір-бірінің қарулы күштері мен іс-шаралары туралы ашық ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Келісімге 34 мемлекет қол қойды.

89
Кілт сөздер:
келісім, Ресей, АҚШ
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

Алматыдағы трагедия: ішкі істер министрі полицейлердің отбасына көңіл айтты

0
Ішкі істер министрлігінің басшысы қаза болған полицейлер үздік қызметкерлердің бірі болғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік борышын атқару кезінде көз жұмған полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев пен полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қаза болған полицейлер екі айдан астам уақыт төтенше жағдай кезінде ерекше режимде жұмыс істеді. Олар күн сайын қызметке кірісе отырып, карантин шараларын қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалады", - деді министр.

Аға лейтенант Жарас Жанғазиев Алматы қаласы патрульдік полиция полкінің инспекторы болып қызмет еткен. 19 жыл ішінде қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ведомстволық наградалармен марапатталған.

Тұрғымбаев Жанғазиев көптеген жас полицейге үлгі бола білгенін айтты. Марқұмның артында екі қызы мен жары қалды, жұбайының үшінші сәбиге аяғы ауыр.

Тағы оқыңыз: Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды

Ал полиция сержанты Дастан Әбдіқанов төрт жыл ішінде өзін жауапты, ұқыпты қызметкер ретінде көрсете білген.

"Болашаққа көп жоспар құратын. Ол азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бар күш-жігерін жұмсады", - деді ведомство басшысы.

Әбдіқанов былтыр шаңырақ көтерген, бір ай бұрын қызы дүниеге келді.

"Екеуі де үздік қызметкерлердің бірі болатын. Отаны үшін әлі де аянбай еңбек етер еді. Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы туған-туыстарының қайғысына ортақтасады. Бұл біз үшін орны толмас қаза", - деді Тұрғымбаев.

Еске сала кетсек, трагедия бүгін таңғы сағат алтыда Алматыдағы Көксай шағын ауданында болды. BMW көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші, алдымен, блок бекет қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

0
Кілт сөздер:
полиция, Алматы, Ішкі істер министрлігі