Саясат

Айдос Сарым биліктің қалай өзгергенін айтты

© Sputnik / Абзал Калиев Политолог и общественный деятель, а также внештатный советник главы Министерства общественного развития Айдос Сарым (в центре)
 Политолог и общественный деятель, а также внештатный советник главы Министерства общественного развития Айдос Сарым (в центре) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саясаттанушы көптен бері қордаланған мәселелер бірінен соң бірі шығып жатқанын айтты. Ал кейбір жерлерде ол проблемалар "жарылды"

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Саясаттанушы Айдос Сарым билік транзитінен кейін қандай өзгерістердің болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"19 наурызда Қазақстан болып жатқан транзиттің бір жылын атап өтеді. Осы бір жылдың ішінде біз бірнеше күрделі саяси үдерісті байқадық. Біріншіден, "биліктің десакрализациясы" дейді. Билік бұрынғыдай қатып қалған үлкен институт емес, Ақорда да, әкімдер де, басқа ұйымдар да өзгеріп жатыр. Елімізде жаңа норма, жаңа бағыттағы түсінік-пайымдар орын алып отыр. Әрине, олардың орнауы оңай емес", - деді Сарым астанада өткен жиында.

Оның айтуынша, көптен бері қордаланған мәселелер бірінен соң бірі шығып жатыр. Ал кейбір жерлерде ол проблемалардың "жарылды". Соның ішінде Қордай оқиғасы да бар. 

"Биыл біз, кем дегенде, саяси бәсекелестікті қамтамасыз ететін бірнеше заң қабылдауымыз қажет. Соның негізінде жаңа саяси ойыншылар саясат сахнасына келеді. Келесі жылы болатын сайлауларды ешқандай қателіксіз, әділ өткізуді қолға алуымыз қажет. Өмір бір орында тұрмайды. Қоғам дамып жатыр. Соған сай өзгеріс болып тұрғаны да дұрыс сияқты", - деді Сарым.

Тағы оқыңыз: Саясат Нұрбек қоғамдық сенім кеңесінде маңызды ұсыныс айтты

Сарапшы реформаларды іске асыру оңай емес шаруа екенін де жеткізді. Мәселен, митингілер туралы заңға қатысты әлі де ортақ шешім жоқ. Бүгінде осы құжатты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Венециан комиссиясына қаратуға қатысты ұсыныс та бар.

"Қазір халықтың жағдайын көтеруге, әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін болса, бәлкім, үш-төрт жылдан соі, жаңа парламент, жаңа президент сайлауынан кейін біз бұған дейін болмаған оң реформаларды жүзеге асыруға мәжбүр боламыз. Президент те бір-екі сөзінде "болашақта бізді үлкен, бәлкім, радикалды реформалар күтіп отыр" дегенді айтып қалды. Біз оған бүгінгідей радикализммен, бүгінгідей әлеуметтік популизммен, бүгінгідей негативистік бір-бірімізді мойындамаумен бара алмаймыз. Сондықтан мәселелер бойынша өзара келісім болуы керек", - деп атап көрсетті Сарым.

Жаңалықтар
0