Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Қордайға не үшін баратынын айтты

1459
(Жаңартылды 15:05 29.02.2020)
Президент ақпараттық кеңістікте болып жатқан жағдайды, әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан мәселелерді қадағалап отыратынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайға не үшін баратынын айтты. Ол Жамбыл облысының Қордай ауданындағыдай жағдайдың алдын алу бойынша қандай шара қолға алынатынына тоқталды.

"Ертең, 1 наурыз күні жұмыс сапармен Жамбыл облысына барамын. Қазақстар мен дүнгендер тұратын Қордай ауданындағы ауыл тұрғындарымен кездесемін. Ұлтаралық, этносаралық қарым-қатынас мәселесіне қатысты ұсынымымызды қайта қарастыру керек екеніміз түсінікті. Қазақстан достық пен келісім елі болды, солай болып қала береді. Біздің қағидамыз: бірлік пен алуан түрлілік", -деді мемлекет басшысы Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген сұхбатында.

Президент Қазақстанда өмір сүретін этникалық топтардың бәрі бір ұлт екенін атап өтті. Шетелде Қазақстан халқының бәрін "қазақтар" деп қабылдайтынын алға тартты.

"Олардың бәрі өз тілін, салт-дәстүрін зерттеп, сақтауға құқылы. Мұнымен қоса, қазақ тілі жедел дамуы керек. Ол болашақта ұлтаралық қатынас тілі болады. Орыс тілінің тарихи маңызын кемітіп тұрған жоқпын. Қазақстандықтар бұл тілді жетік білуі керек. Бұл өзіміз үшін пайдалы", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Президент тағы бір жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы сұхбат барысында коронавирус қаупі, митинг өткізу, шетелден әкелінген көлікті тіркеу, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына қатысты сауалдарға да жауап берді.  

Президент ақпараттық кеңістікте болып жатқан жағдайды, әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан мәселелерді қадағалап отыратынын айтты.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда ауданда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Он адам көз жұмды, жүздеген адам жарақат алды. Кейін тағы бір адамның денесі табылды. Мемлекет басшысының шешімімен бірқатар шенеунік пен полицей қызметінен кетті. Облыс әкімі ауысты.

Қордай ауданы  – халқы 145 мың болатын Жамбыл облысындағы аудан. Масанчи ауылы Қырғызстанмен шекарадан алыс емес. Ол жерде 13 мың адам тұрады. 90%-і - дүнген, 5% - қазақ, 5% - орыс.

1459
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (66)
Тақырып бойынша
Дүнгендер ұйымының басшысы Қордай туралы: "Мұны істеген қазақтар емес!"
Полиция Қордай ауданының азаматын ұстады
Дүнгендер ұйымының өкілі Қордай тұрғындарының неден қорқып отырғанын айтты
Қордай ақсақалдары Бердібек Сапарбаевқа не болғанын айтып берді
Айдос Сарым биліктің қалай өзгергенін айтты
Загрузка...