Ақорда

Тоқаев: Құжаттардың қағаз нұсқаларына біртіндеп тыйым салынуы керек

119
Мемлекет басшысының пікірінше, құжаттарды қағаз жүзінде де, электронды түрде де дайындап, тапсыру дұрыс емес

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті кеңеске дейін "Smart Data Ukimet" жобасы аясында Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы министрліктері мен "Ұлттық ақпараттық технология" акционерлік қоғамы атқарған жұмыстарының нәтижесімен танысты. Сонымен қатар мемлекет басшысына "Smart Bridge" және Интернет ресурстардың бірыңғай платформасы жайында мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру дегеніміз бір ғана саланы немесе бір бағытты дамыту емес екеніне тоқталып, оның ең алдымен, экономиканың, өнеркәсіптің және қоғамның дамуына түбегейлі өзгерістер әкелуі қажеттігін баса айтты. Сондықтан барлық мемлекеттік орган мен ведомствоға қарасты мекемелерге ортақ мониторинг жүйесін құрудың маңыздылығын ескертті.

Қазақстан президенті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі озық, заманауи жүйелердің қозғаушы күші болуы тиіс екенін, әзірге бұл мақсатқа толық қол жеткізбегенімізді атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл жұмыста біртұтас көзқарас, нақты жүйе жоқ. Соның салдарынан цифрландыру түрлі ведомстволарға шашырап, жайылып кеткен.

"Big Data" технологиясын, "жасанды интеллект" алгоритмін қолдану нақты әрі дәл деректер базасын құруға, қате немесе ескірген ақпараттарды анықтауға, шашыраңқы мәліметтердің біртұтас және объективті көрінісін айқындауға көмектеседі. Сондықтан үкіметке барлық мемлекеттік органдарды жұмылдыра отырып, "Smart Data Ukimet" жобасын қысқа мерзімде іске қосуды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ақпараттық технология дамыған заманда мемлекеттік цифрлық қызметтер кез келген қарапайым адамға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс екенін жеткізді. Сонымен қатар қандай да бір қызмет түрлерін іске қосар алдында әртүрлі санаттағы азаматтардан құралған топтар жасақталып, оған халықты белсенді қатыстырып, кеңесу керек екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Индустрия 4.0 аясында аталған жобаны кеңейту үшін реттеудің және ынталандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды.

"Мемлекеттік басқару жүйесінде цифрлық технологияны қолдану – бүкіл бағдарламаның табысты болуының басты кілті. Бұл істе түбегейлі өзгерістер қажет. Барлық құжат айналымын толықтай электронды форматқа көшіру керек. Қазіргі кезде талап ететіндей, құжаттарды қағаз жүзінде де, электронды түрде де дайындап, тапсыру дұрыс емес. Құжаттардың қағаз нұсқаларына біртіндеп тыйым салынуы керек", – деді мемлекет басшысы.

Президент тиісті заңнамалық актілерге, мемлекеттік органдардың жұмыс регламенттеріне қажет болған жағдайда өзгертулер енгізу керек екеніне назар аударып, үкіметке, парламент палаталарының аппараттарына, басқа да органдарға осы бағытта толыққанды шаралар қабылдауды тапсырды.

Тоқаев: Қала мен ауыл мектептеріндегі білім деңгейін сәйкестендіру қажет

Мемлекет басшысы тағы бір өзекті мәселе ретінде өңірлерді цифрландыру жағдайын айтты. Бұл жұмыста алға жылжу болғанмен, әр аймақта және барлық салада біркелкі іске аспай жатқанын жеткізді.

"Бизнес пен азаматтар тарапынан жоғары сұранысқа ие, бірақ сыбайлас жемқорлық жиі болатын салаларда цифрландыру өте баяу жүргізілуде. Бұл жер телімдерін беру, табиғи монополиялардың қызметтеріне қосылу, қоғамдық көлікте жолақы төлеу жүйесі және басқа да салаларда көптеп кездеседі. Жергілікті атқарушы органдар аталған мәселеге қатысты белсенді жұмыс істейді деп сенемін. Цифрлық даму министрлігі бұл жұмысты тиісті деңгейде жолға қоюы тиіс. Президент әкімшілігіне бақылауға алуды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы интернеттің жоқтығын немесе оның баяу жұмыс істейтінін айта келіп, қала мен ауыл тұрғындары арасында "цифрландыру алшақтығы" бар екенін атап өтті.

"Бұл жәй ғана алшақтық емес, әлеуметтік теңсіздік. Сондықтан үкімет "цифрлық алшақтықты" реттеу жұмыстарын жандандыруы қажет", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы деректер базасының еселеп артуына қарай тиісті инфрақұрылым мен сервис дайындау қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы еліміздің шетелдік әзірлемелер мен технологияларға әлде де тәуелді екенін айтты. Сондықтан қажетті  IT жобаларды әзірлеп, енгізу үшін үкіметке "Астана Хаб", "Алатау" Инновациялық-технологиялар паркі, "Назарбаев Университеті" кәсіпорындарының әлеуетін арттыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

"Халықаралық жағдайларды ескере отырып, заңнамалық деңгейде бәсекеге қабілетті отандық әзірлемелерге басымдық бере отырып, сатып алу мәселесін пысықтау қажет. Бұл ең алдымен мемлекеттік секторға қатысты. Сол себепті үкіметке цифрлық жобаларды келісу рәсімдерін жеңілдету жөнінде ұсыныс беруді тапсырамын. Біздің заңнамаларда базалық әдістер бекітілген. Сонымен қатар венчурлық қызметті толықтай тәртіпке келтіру және ынталандыру мәселесін де ойластыру қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті үкімет пен ҰҚК бірлесіп ақпараттық ресурстарды және жалпы "цифрлық дербестікті" тиімді қорғауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Оның айтуынша, бұл мақсатта ақпараттық қауіпсіздіктің 10 жедел орталығын құру жұмысын жалғастыру қажет. Сондай-ақ "ақпараттық қауіпсіздік" мамандығы бойынша білім беру грантын кемі екі мыңға дейін арттыру керек.

Мемлекет басшысы цифрландыру саласына жауапты вице-министрлер мемлекеттік аппараттың жұмысына оң өзгерістер әкелуі қажеттігін, сонымен қатар, олар экономикада және басқа да салаларда цифрлық реформаларды қолға алуы тиіс екенін атап өтті.

"Олардың міндеті – күнделікті жұмыс емес, реформалар мен өзгерістерді іске асыру. Осы ретте, мемлекеттік органдарда цифрландыру офицері лауазымын енгізу керек. Жергілікті жерлерде әкімнің нақты бір орынбасарын цифрландыруға жауапты етіп бекіту қажет. Олар Цифрлық даму министрлігімен тығыз жұмыс істеуі тиіс", – деді президент.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев цифрандыру мемлекеттік маңызды іс, ел экономикасының дамуы аталған салаға тікелей байланысты екенін баса айтты.

Кеңесте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев баяндама жасады.

 

119
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, құжат
Тақырып бойынша
Тоқаев ұлттық кеңестің мүшелері неге ауысқанын түсіндірді
Президентке коронавирус таралмау үшін не істеліп жатқаны жайлы баяндалды
Президент: қазақ халқы еріншек деген әңгімені доғару керек
"Дұрыс түсінген жоқ": Тоқаев Қордайдағы мәселе туралы айтты
Тоқаев тапсырмасы: қазақстандықтар 9 наурыз күні демала ма
БҰҰ-ға қатысушы елдердің тулары

Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі ауысты

28
Бұған дейін Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болған Қайрат Омаров Австриядағы төтенше және өкілетті елші қызметіне тағайындалды

АЛМАТЫ, 30  қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі ауысты. Бұл қызметке Мағжан Ілиясов тағайындалды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев экс-министр Жұмағалиевке жұмыс тауып берді 

Ал Мағжан Ілиясовтың орнына Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болды. Ол химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарады.

Мағжан Ілиясов туралы не білеміз?

Мағжан Жанботаұлы 1974 жылдың 26 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген және Дж. Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебінің магистратурасын тәмамдаған.

Дипломатиялық карьерасын 1996 жылы Қазақстан сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдар мен халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, кейіннен атташесі лауазымдарынан бастады.

1998-1999 жылдары БҰҰ басқармасы және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының үшінші, екінші хатшысы қызметтерін атқарған.

1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің протокол қызметінің консультанты болып жұмыс істеді.

2003-2005 жылдары Қазақстан президенті кеңсесінің ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас сарапшысы болды.

2005-2012 жылдары президент әкімшілігінің сыртқы саясат орталығында жұмыс істеді, онда бас сарапшыдан орталық меңгерушісі лауазымына дейін жетті.

2013-2016 жылдары президент кеңесшісі – президент әкімшілігі сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болды.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін 2016 жылдан бастап Қазақстанның Нидерландтағы елшісі және Қазақстан Республикасының химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы тұрақты өкілі болды.

Мағжан Ілиясов І сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. Ағылшын және неміс тілін меңгерген.

28
Кілт сөздер:
Қазақстан, БҰҰ
Тақырып бойынша
Мәжіліс депутатының өкілеттігі тоқтатылды
Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері ауысты
Сынақ мерзімінен өтпеді: Молдағасымова тағы да жұмыссыз қалды
Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды
Резиденция президента Казахстана Акорда

Тоқаев Кувейт халқына көңіл айтты

805
(Жаңартылды 19:19 30.09.2020)
Президент шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады

АЛМАТЫ, 30  қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Кувейт мемлекетінің әмірі Шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, марқұмның әулеті мен барша отандасына Қазақстан халқы мен өз атынан көңіл айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты 

"Шейх Сабах парасатты да көреген саясаткер, бейбітсүйгіш бітімгер ретінде әлемге танымал болып, оның аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағасын алғаны кеңінен мәлім. Бауырыңызды Біріккен ұлттар ұйымы "гуманитарлық көсем" деп тануы да осының айқын дәлелі екені сөзсіз. Қазақстандықтардың жадында шейх Сабахтың есімі Қазақстан мен Кувейттің берік достығы мен сан қырлы ынтымақтастығын дамытуға сүбелі үлес қосқан қайраткер, Отанын шексіз сүйген азамат ретінде мәңгі сақталады", - делінген президент жолдаған жеделхатта.

Айта кетейік, шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабах 2020 жылы 29 қыркүйекте қайтыс болды.

805
Кілт сөздер:
көңіл айту, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Назарбаев Сағадиевтің отбасына көңіл айтты
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті