БҰҰ байрағы

Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуына үлкен еңбек сіңірген тұлға қайтыс болды

1979
Перулік саясаткер, Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльяр дүниеден озды

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз  – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді 

Елбасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Назарбаев перулік дипломат пен саясаткер, Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"1991 жылы мен оның есіміне Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымына жаңа мүше болып қабылдануы туралы хат жібергенмін. Хавьер Перес де Куэльяр біздің еліміздің осы Ұйымға қосылу процесіне үлкен еңбегін сіңірген тұлға", - делінген жеделхатта.

"Осынау азалы сәтте саясаткердің отбасы мен туыстарына, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымындағы әріптестеріне қайғырып көңіл айтамын", - делінген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолданған жеделхатта.

 

1979
Кілт сөздер:
Қазақстан, БҰҰ
Тақырып бойынша
Жаңа халықаралық ұйым құру қажет – Елбасы
Әлемдік көшбасшылар Тоқаев туралы не ойлайды?
Назарбаев қырғи-қабақ соғыс кезінде қабылданған актіні жаңартуды ұсынды
Тоқаев Мирзиёевке: Біз Өзбекстанның дамуын зор қызығушылықпен бақылап отырамыз
Назарбаевтың неліктен Ресей мен Украинаны татуластырғысы келетіні айтылды
Nur Otan партиясының маңдайшасы

Назарбаев партияішілік іріктеу туралы қаулыға қол қойды

41
Нұрсұлтан Назарбаев 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. "Nur Otan" партиясы 17 тамыздан партияішілік іріктеу – праймеризді бастайды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Nur Otan" партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойды", - деп жазды Байбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол праймериз партияішілік демократияның заманауи тетіктерінің бірі екенін атап өтті.

"Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау". – деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Партияның саяси кеңесі мүшелерінің дауыс беруімен праймериз өткізу ережесі қабылданды. Ол ертең, 5 маусымда жарияланады.

Айтуынша, праймеризде дәстүрлі дауыс берумен қатар онлайн-дауыс беруді де өткізу жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Таяу арада партияішілік іріктеуге қатысуға ниетті азаматтарды оқыту басталады.

"Nur Otan" партиясы праймеризді 30 наурыздан бастауды жоспарлаған еді. Алайда карантинге байланысты мерзімді ауыстыру туралы шешім қабылданды.

41
Кілт сөздер:
Бауыржан Байбек, партия, Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде тағайындау жасады

1627
(Жаңартылды 12:42 04.06.2020)
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметіне Ерлан Байтұқбаев тағайындалды. 

Елбасының ресми сайтында Қазақстанның тұңғыш президенті, Кеңес төрағасының шешімімен Шоқан Елшібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғаны жазылған.

Оның орнына бұған дейін Қауіпсіздік кеңестің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған Ерлан Байтұқбаев келді.

Ерлан Байтұқбаев туралы не білеміз

Ерлан Байтұқбаев 1969 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін  тәмамдаған (мамандығы "құқықтану").

Еңбек жолы Алматыда Фрунзе ауданы прокурорының көмекші-стажері ретінде бастады. Түрлі жылдары прокурор, аға прокурор, Қостанай облысы прокурорының орынбасары, Орталық көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, инвестициялар және даму министрлігі комитеті басшысының орынбасары болған.

Тағайындауға дейін Қауіпсіздік Кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

1627
Кілт сөздер:
тағайындау, Қауіпсіздік кеңесі, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты 
Назарбаев "Самұрық-Қазына" басшылығын мақтады
Тоқаев Қытай басшысына хат жазды
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
Архивтегі фото

Біртанов карантинді қатаңдату туралы: "Коронавирус ешқайда кетпеген"

0
Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар. Алайда онымен мәселенің бәрі шешілмейді, деп мәлімдеді Біртанов  

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатаң карантиндік шараларды енгізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин тәртібін жеңілдеткеннен кейін бірқатар өңірде науқастардың саны артқан. Мәселен, 15-24 мамыр аралығында республикада 2 800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 25 мамыр мен 3 маусым аралығында 3 500 науқас анықталған. Осылайша инфекция жұқтырғандардың саны 25 процентке көбейген.

"Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар, сөйтіп науқастардың санын азайта аламыз. Алайда тәжірибе көрсетіп тұрғандай, қатаң карантин бәрін шеше алмайды. Әрине, оны қиын жағдайда қолдануға болады. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде ондай шара өз тиімділігін көрсетті", - деді Біртанов онлайн брифингте.

Осы орайда министр карантин шараларын жеңілдету шешімін дұрыс түсіну қажеттігін жеткізді. Себебі қазір санитарлық нормаларды бәрібір сақтау қажет.

"Бізге тұрақты карантин жағдайында өмір сүруге үйрену керек. Карантин бар ма, жоқ па, коронавирус ешқайда кетпеген. Оған қарсы вакцина әлі шыққан жоқ. Сондықтан сақтық шараларын барынша сақтау қажет", - деп атап көрсетті Біртанов.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Біртанов 

Министр науқастардың саны қай өңірде күрт артқанын да айтты. Бірінші орында Маңғыстау облысы тұр. Одан кейін Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтанда науқастардың саны біртіндеп азайып жатыр.

"Біз осындай жағдайды күнделікті байқап отырғаннан кейін әр өңірде ерекше шектеу шараларын енгіземіз. Оған жергілікті деңгейдегі бас санитар дәрігерлердің құзіреті бар. Мысалы, Теңізшевройлда коронавирус жұқтырғандар көбейгеннен кейін Жылой ауданында шектеу шаралары енгізіледі. Тек сол ауданға, тек сол жерге шектеу енгізіледі. Бірақ ондай шешімдер жергілікті штабтарда қабылданады", - деп түсіндірді Біртанов.

0
Кілт сөздер:
Біртанов, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрі коронавирустан өздігінен жазылатындар туралы айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді
"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  
Министр Біртанов митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсылық білдірді