Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин

Назарбаев ЕАЭО-ға қолдау көрсететінін айтты

120
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестігі мәселесін қозғады, деп хабарлайды тұңғыш президент сайты.

Назарбаев Ресей Қазақстанның барлық сала бойынша сенімді серіктесі екенін атап өтті. 

"Интегрециялық бірлестік жұмыс істеп жатыр әрі мүмкіндігі мол деп есептеймін. Құрметті төрағасы ретінде оның алдағы уақытта дамуына қолдау көрсетемін", - деді  Назарбаев.

Бұдан бөлек, Назарбаев пен Путин ғылым және білім саласындағы әріптестік мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне барады.

​Соңғы бес жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге 16 рет барды. Өткен жылдың желтоқсанында Назарбаев ЕАЭО Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өткен ЕАЭО саммитіне қатысты. Сондай-ақ, Елбасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде болды.

Тағы оқыңыз: Назарбаев қазақ халқының қанша жылдық тарихы бар екенін айтты

Өткен аптада, 7 наурызда Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.

120
Кілт сөздер:
ЕАЭО, Владимир Путин, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев Путинмен қалай дауласқанын айтты
"Рұқсат етілмейді": Тоқаев Назарбаев құрған Ұлттық қор туралы айтты
Путин Назарбаевтың ұсынысы туралы не ойлайтынын айтты - видео
"Нұрсұлтан Әбішұлы, бәрі жұмыс істеп тұр": Путин Назарбаевқа алғыс айтты
Путин өзін таңғалдырған тарихи дерек туралы айтты
Загрузка...