Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев қазақстандықтарды сабырлық сақтауға шақырды

3380
(Жаңартылды 10:15 15.03.2020)
Қазақстан президенті коронавирусқа байланысты фейк ақпарат таратып жатқандар жазаланатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазақстандықтарды сабырлық сақтауға шақырды.  

"Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда", - деп жазды Тоқаев Twitter-парақшасында.

Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай толық бақылауда.

"Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады", - деді мемлекет басшысы.

Сөз соңында президент баршаға мықты денсаулық тіледі.

"Біз #Birgemiz!", - деді Тоқаев.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – алты адам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, төрт адам – Алматыда. Олардың барлығы шетелден ұшақпен ұшып келген. Төртеуі Германиядан, біреуі Италиядан, тағы бір әйел Варшавадан, бірақ оның да Германияда болғаны хабарланды. 

Тағы бір қазақстандық Германияда емделіп жатыр, оның қазақстандық дипломаттардың бірінің әкесі екені белгілі.

3380
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (523)
Тақырып бойынша
Коронавирусқа байланысты пойыз билетін сатып алу және айырбастау ережелері жарияланды
Алматыда анықталған төртінші науқастың ұлынан коронавирус табылған
Алматы қаласының бас санитар дәрігері карантинде жатыр
"Біреуінің жағдайы ауыр": Алматыда коронавирус жұқтырғандардың хәлі белгілі болды
Коронавирус жұқтырған науқастың жағдайын нашарлататын дәрілер белгілі болды
Қазақстан полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті 
Загрузка...