Дональд Трамп

Трамп Тоқаевқа хат жазды

4239
(Жаңартылды 13:30 26.03.2020)
АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресми хат жолдап, қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

АЛМАТЫ, 26 – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады. Құттықтау хатын президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

"Наурызда сізге, сіздің отбасыңызға және қазақстандықтарға бақыт бен өркендеу тілеймін. Бұл АҚШ-тағы, Қазақстандағы және әлемдегі  адамдарды біріктіретін бірлік, мейірім және жаңару мерекесі", - делінген хатта.

Сондай-ақ, Трамп елдердің өткен жылы экономикалық дамуда үлкен жетістікке жеткенін атап өтті. АҚШ президенті елдегі реформалар Қазақстанды Америка бизнесі үшін одан әрі тартымды етеді деп санайды.

"Біз, сондай-ақ, Ауғанстанда бейбітшілік орнату үшін жұмыс істейміз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер күтемін", - деп түйіндеді Трамп.

Қазақстанда наурыз 21-22 наурызда тойланады. 22-25 наурыз демалыс күндері болып жарияланды. Алайда 16 наурыздан бастап елімізде енгізілген төтенше жағдай салдарынан тарихта алғаш рет Наурыз мерекесі тойланбады.

4239
Кілт сөздер:
хат, Трамп, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев 55 жастан асқан адамдардың үйде отыруын қамтамасыз етуді тапсырды
"Бұл әзіл емес": Тоқаев үкіметке тапсырма берді
Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды – Тоқаев  
Тоқаев тапсырмасы: қазақстандықтардың кредит және салық төлемі кейінге шегеріледі
Тоқаев қазақстандықтарды қайғыға салынбауға шақырды
Загрузка...