Саясат

Ертең Қазақстан халқына үндеу жасаймын – Назарбаев

© Sputnik / Владислав ВодневНурсултан Назарбаев на съезде партии "Нур Отан"
Нурсултан Назарбаев на съезде партии Нур Отан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Тұңғыш президенті қабылданған шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендетілгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 сәуірде Қазақстан халқына үндеу жасайтынын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр, Республикалық жедел әрекет ету штабының басшысы Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлады Elbasy.kz.

Оқи отырыңыз: Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат шықты

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президенті қабылданған іс-шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін атап өтті.

"Біз бұдан да зор сынақтарды өткергенбіз. Бұл ауыртпалықты да еңсереміз. Ең бастысы – ел бірлігі мен сабырлығы. Менің ойымша Үкімет тиімді жұмыс атқарып жатыр. Ертең менің Қазақстан халқына үндеу жасаған мақалам жарияланады. Қазір бүкіл әлем қиын күй кешуде. Дерттің таралу қаупі әлі сейілмей тұр. Сондықтан баршамыз бір-бірімізге деген сыйластықты сақтай отырып, табандылық пен төзімділік танытуымыз керек", - деді Елбасы.

Жаңалықтар
0