Құжатқа қол қою

Үкімет жанынан биологиялық қауіпсіздік кеңесі құрылады  

212
(Жаңартылды 18:00 11.05.2020)
Үкімет жанынан құрылатын биологиялық қауіпсіздік бойынша ғылыми кеңеске беделді ғалымдар мен сарапшылар енеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Үкімет жанынан биологиялық қауіпсіздік кеңесі құрылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы мына қиын кезең өткеннен кейін денсаулық сақтау жүйесіне қатысты барлық мәселелерді қайта қарап, өзектілігін анықтап, алдағы жағдайлар дайын болуымыз керек деп айтқан. Нақты міндеттер де қойылды. Осыған орай, үкімет жанынан беделді ғалымдар мен сарапшылардан құралған биологиялық қауіпсіздік бойынша ғылыми кеңес құрылатын болады", - деді Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Үкімет басшысының орынбасары карантиннің тиімді тұстарын да атап өтті. Оның айтуынша, адамдар құндылықтарды қайта бағалап, өзі мен өз ортасына жауапкершілігін арттырды. Болашақта күнделікті өмірде гигиеналық және санитарлық талаптарды сақтау қалыпты жағдайға айналады.  

"Ендігі кезекте экономикалық белсенділікті кезең-кезеңімен ретке келтіріп, азаматтар үшін қалыпты тіршілік жағдайларын жасауымыз қажет. Коронавирус инфекциясының таралу қаупі тұрақталып жатқанына қарамастан, әлі де карантиндік шараларды сақтау аса маңызды", - деп атап көрсетті Тоғжанов. 

Айта кетейік, бүгіннен бастап Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда карантин шаралары жалғаса береді. Қалалардың айналасындағы блок бекеттер қалады. Қалада жұмыс істейтін, бірақ одан тыс жерде тұратындарға кіруге болады. Ол үшін жұмыс берушінің анықтамасы болуы шарт. 

Бұдан бөлек, карантин шараларын жеңілдету аясында бүгіннен бастап аумағы 2 000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен балаларды дамыту орталықтары ашылады. Саябақта қыдыруға болады. Ал сол жерде ойын-сауық қызметтерін әзірше ашуға рұқсат жоқ. 

Сондай-ақ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекшілік топтары ашылады. Бірақ барлық санитарлық норма сақталуы шарт. Президенттің шешімімен тағы жеті қалаға әуе рейстері ашылды. Олар - Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талды

212
Кілт сөздер:
қауіпсіздік кеңесі, Үкімет
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы жаңа елшілерді тағайындады

36
(Жаңартылды 11:20 22.05.2020)
Мемлекет басшысы екі елшіні жаңа дипломатиялық лауазымдарды қоса атқарушы қызметіне тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды  

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы елшілерді тағайындады.

Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстанның Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Қазақстанының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Арыстанов Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Данияр Сарекенов дипломатиялық еңбек жолын 1993 жылы сыртқы істер министрлігінде атташе қызметінен бастады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. Кейінірек, сол жылы ол Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды, бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.

Аркен Арыстанов әр жылдары қаржы саласында еңбек етті. 2011-2013 жылдары "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды. 2014-2019 жылдары – Қазақстанның Франциядағы елшілігінде инвестициялар жөніндегі кеңесші.

2019 жылы ол Қазақстанның Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы елшісі болып тағайындалды.

36
Кілт сөздер:
елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді
Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады
АҚШ президенті Дональд Трамп

Трамп АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығатынын жариялады

83
(Жаңартылды 10:04 22.05.2020)
Егер ештеңе өзгермесе, Америка Құрама Штаттары үшін келісімшарттың әрекет ету мерзімі жарты жылдан кейін аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің Ашық аспан келісімінен шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз деп ойлаймыз, бірақ олар келісімшартты ұстанбады. Сондықтан біз шығамыз. Бірақ бізде жаңа келісімге қол жеткізуге немесе осы келісімшартты бірге қайтару үшін бір нәрсе жасауға болатын жақсы мүмкіндік бар", - деп хабарлады Трамп.

Оқи отырыңыз: Ресей АҚШ-қа гуманитарлық көмек жіберді 

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео кейінірек Вашингтон келісімнен алты айдан кейін шығатынын мәлімдеді. Ол Штаттар Ресей келісімшартты "қайта сақтай бастаған" жағдайда ғана шешімін өзгертуі мүмкін екенін атап өтті.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеу ешқандай заңбұзушылыққа жол берген жоқ деп жауап берді.

"Біз кейбір техникалық проблемалардың болуын осы іргелі келісімнен шығуға себеп қылуды құптамаймыз. АҚШ Ресей тарапынан заңбұзушылық ретінде көрсетуге тырысып жатқан осы техникалық мәселелерді талқылауды одан әрі жалғастыруға ештеңе кедергі емес", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко.

Грушко Ашық аспан келісімшарты 20 жылдан астам уақыт ішінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдағанын және "барлық элемент өзара байланысты болатын әскери қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болды" деп атап көрсетті.

Вашингтон бұған дейін Мәскеудің 2019 жылдың қыркүйегінде АҚШ-Канада миссиясының ұшуына рұқсатты кері қайтарып, келісімшартты бұзғанын мәлімдеген. Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарып, заңбұзушылық АҚШ тарапынан болғанын көрсетті. Атап айтқанда, 2016 жылы Вашингтон аралық аэродромдардың қажетті санын беруден бас тартып, ресейлік ұшақтардың қауіпсіз келуін қамтамасыз етпеген.

Ашық аспан келісімшарты

1992 жылы қол қойылған құжат қырғи қабақ соғыстан кейін Еуропадағы сенімді нығайту шараларының бірі болды. Ол 2002 жылдан бері жұмыс істейді және қатысушы елдерге бір-бірінің қарулы күштері мен іс-шаралары туралы ашық ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Келісімге 34 мемлекет қол қойды.

83
Кілт сөздер:
келісім, Ресей, АҚШ
Архивтегі фото

Ресейлік танымал актриса коронавирус жұқтырды

0
Алена Бабенко әлеуметтік желіде COVID-19 індетін жұқтырғанын және денсаулығының нашарлағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Бабенко коронавирус диагнозымен  ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алена Бабенко (@alena_babenko_official)

Алена Бабенко сырқат екенін сезген бойда "Танцы со звездами" шоуынан кетіп, өзін оқшаулағанын атап өтті.

"Мен өз денсаулығыма ғана емес, достарым мен әріптестерімнің денсаулығына да жауаптымын. Өкінішке қарай, бұл әлгі коронавирус болып шықты", - деді актриса.   

Бабенко аурудың дене қызуының көтерілуі, әлсіздік секілді белгілерін байқаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, жағдайы біршама жақсарған.

Ресейлік актриса Алена Бабенко кинода, театрда және телехикаяларда ойнайды. Актриса ондаған рөлді сомдаған. 2013 жылы ол режиссер Ермек Аманшаев пен Георгий Шенгелияның "Параллель әлемдер" Қазақстан-Ресей мелодрамасында ойнады.

24 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейде COVID-19 індетін жұқтырған 344 481 адам тіркелді.

0
Кілт сөздер:
актриса, коронавирус
Тақырып бойынша
"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео