Ақорда ғимараты

Бұрынғы вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

7583
(Жаңартылды 13:06 15.05.2020)
Ғани Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Мауберлинова президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін ол ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған.

Ғани Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Нұргүл Мауберлинова туралы не білеміз

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде және ҚазТұтынуОдағы Қарағанды экономикалық университетінде білім алған.

Мәдениет және ақпарат министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде, орталық коммуникациялар қызметінде істеген.

Вице-министр информации и общественного развития Нургуль Мауберлинова
© Sputnik / Владислав Воднев
Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Мауберлинова

2018 жылдың сәуірінен бастап ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Бұған дейін Дәурен Абаев ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылып, президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

7583
Кілт сөздер:
президент әкімшілігі, жаңа қызмет, вице-министр
Тақырып бойынша
Президент Дәурен Абаевты қызметінен босатты
Абаев Назарбаевтың қатты сынға алынған шешімі туралы айтты
Абаев шетелдегі қазақстандықтардың мәселесіне тоқталды
Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі Әлия Рақышева жаңа қызметке тағайындалды
Тоқаев таяуда ғана облыс әкімінің орынбасары болған шенеунікті жаңа қызметке тағайындады
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы жаңа елшілерді тағайындады

36
(Жаңартылды 11:20 22.05.2020)
Мемлекет басшысы екі елшіні жаңа дипломатиялық лауазымдарды қоса атқарушы қызметіне тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды  

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы елшілерді тағайындады.

Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстанның Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Қазақстанының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Арыстанов Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Данияр Сарекенов дипломатиялық еңбек жолын 1993 жылы сыртқы істер министрлігінде атташе қызметінен бастады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. Кейінірек, сол жылы ол Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды, бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.

Аркен Арыстанов әр жылдары қаржы саласында еңбек етті. 2011-2013 жылдары "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды. 2014-2019 жылдары – Қазақстанның Франциядағы елшілігінде инвестициялар жөніндегі кеңесші.

2019 жылы ол Қазақстанның Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы елшісі болып тағайындалды.

36
Кілт сөздер:
елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді
Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады
АҚШ президенті Дональд Трамп

Трамп АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығатынын жариялады

83
(Жаңартылды 10:04 22.05.2020)
Егер ештеңе өзгермесе, Америка Құрама Штаттары үшін келісімшарттың әрекет ету мерзімі жарты жылдан кейін аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің Ашық аспан келісімінен шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз деп ойлаймыз, бірақ олар келісімшартты ұстанбады. Сондықтан біз шығамыз. Бірақ бізде жаңа келісімге қол жеткізуге немесе осы келісімшартты бірге қайтару үшін бір нәрсе жасауға болатын жақсы мүмкіндік бар", - деп хабарлады Трамп.

Оқи отырыңыз: Ресей АҚШ-қа гуманитарлық көмек жіберді 

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео кейінірек Вашингтон келісімнен алты айдан кейін шығатынын мәлімдеді. Ол Штаттар Ресей келісімшартты "қайта сақтай бастаған" жағдайда ғана шешімін өзгертуі мүмкін екенін атап өтті.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеу ешқандай заңбұзушылыққа жол берген жоқ деп жауап берді.

"Біз кейбір техникалық проблемалардың болуын осы іргелі келісімнен шығуға себеп қылуды құптамаймыз. АҚШ Ресей тарапынан заңбұзушылық ретінде көрсетуге тырысып жатқан осы техникалық мәселелерді талқылауды одан әрі жалғастыруға ештеңе кедергі емес", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко.

Грушко Ашық аспан келісімшарты 20 жылдан астам уақыт ішінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдағанын және "барлық элемент өзара байланысты болатын әскери қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болды" деп атап көрсетті.

Вашингтон бұған дейін Мәскеудің 2019 жылдың қыркүйегінде АҚШ-Канада миссиясының ұшуына рұқсатты кері қайтарып, келісімшартты бұзғанын мәлімдеген. Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарып, заңбұзушылық АҚШ тарапынан болғанын көрсетті. Атап айтқанда, 2016 жылы Вашингтон аралық аэродромдардың қажетті санын беруден бас тартып, ресейлік ұшақтардың қауіпсіз келуін қамтамасыз етпеген.

Ашық аспан келісімшарты

1992 жылы қол қойылған құжат қырғи қабақ соғыстан кейін Еуропадағы сенімді нығайту шараларының бірі болды. Ол 2002 жылдан бері жұмыс істейді және қатысушы елдерге бір-бірінің қарулы күштері мен іс-шаралары туралы ашық ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Келісімге 34 мемлекет қол қойды.

83
Кілт сөздер:
келісім, Ресей, АҚШ
Архивтегі фото

Ресейлік танымал актриса коронавирус жұқтырды

0
Алена Бабенко әлеуметтік желіде COVID-19 індетін жұқтырғанын және денсаулығының нашарлағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Бабенко коронавирус диагнозымен  ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алена Бабенко (@alena_babenko_official)

Алена Бабенко сырқат екенін сезген бойда "Танцы со звездами" шоуынан кетіп, өзін оқшаулағанын атап өтті.

"Мен өз денсаулығыма ғана емес, достарым мен әріптестерімнің денсаулығына да жауаптымын. Өкінішке қарай, бұл әлгі коронавирус болып шықты", - деді актриса.   

Бабенко аурудың дене қызуының көтерілуі, әлсіздік секілді белгілерін байқаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, жағдайы біршама жақсарған.

Ресейлік актриса Алена Бабенко кинода, театрда және телехикаяларда ойнайды. Актриса ондаған рөлді сомдаған. 2013 жылы ол режиссер Ермек Аманшаев пен Георгий Шенгелияның "Параллель әлемдер" Қазақстан-Ресей мелодрамасында ойнады.

24 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейде COVID-19 індетін жұқтырған 344 481 адам тіркелді.

0
Кілт сөздер:
актриса, коронавирус
Тақырып бойынша
"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео