Ақорда

Тоқаев президенттің өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды

2898
(Жаңартылды 13:52 16.05.2020)
Заңға енгізілген түзетулер төтенше жағдай режимі әрекет ететін кезде мемлекет басшысының өкілеттігін кеңейтеді   

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Құжат төтенше жағдай кезінде мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмін анықтайды.

Заң президентке төтенше жағдайда тұрақтылықты сақтауға және ұлттық, оның ішінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл шараларды талап ететін қоғамдық қатынастарға тез араласуына мүмкіндік береді.

Төтенше жағдай кезінде қабылданған барлық құқықтық акті оның әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізілетінін мәлімдеді 

29 сәуірде төтенше жағдай мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілген түзетулерді мәжіліс депутаттары мақұлдады. Сенат қабылдағаннан кейін құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, 11 мамырға дейін созылды.   

2898
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (382)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанға кімдерге кіріп-шығуға рұқсат етілді
Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұл 10 есе өседі
Төтенше жағдай кезінде президенттің өкілеттігін кеңейтетін заң қабылданды
Үш миллионға тарта адам 42 500 теңгені екінші рет алды
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы жаңа елшілерді тағайындады

38
(Жаңартылды 11:20 22.05.2020)
Мемлекет басшысы екі елшіні жаңа дипломатиялық лауазымдарды қоса атқарушы қызметіне тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды  

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы елшілерді тағайындады.

Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстанның Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Қазақстанының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Арыстанов Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Данияр Сарекенов дипломатиялық еңбек жолын 1993 жылы сыртқы істер министрлігінде атташе қызметінен бастады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. Кейінірек, сол жылы ол Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды, бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.

Аркен Арыстанов әр жылдары қаржы саласында еңбек етті. 2011-2013 жылдары "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды. 2014-2019 жылдары – Қазақстанның Франциядағы елшілігінде инвестициялар жөніндегі кеңесші.

2019 жылы ол Қазақстанның Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы елшісі болып тағайындалды.

38
Кілт сөздер:
елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді
Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады
АҚШ президенті Дональд Трамп

Трамп АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығатынын жариялады

85
(Жаңартылды 10:04 22.05.2020)
Егер ештеңе өзгермесе, Америка Құрама Штаттары үшін келісімшарттың әрекет ету мерзімі жарты жылдан кейін аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің Ашық аспан келісімінен шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз деп ойлаймыз, бірақ олар келісімшартты ұстанбады. Сондықтан біз шығамыз. Бірақ бізде жаңа келісімге қол жеткізуге немесе осы келісімшартты бірге қайтару үшін бір нәрсе жасауға болатын жақсы мүмкіндік бар", - деп хабарлады Трамп.

Оқи отырыңыз: Ресей АҚШ-қа гуманитарлық көмек жіберді 

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео кейінірек Вашингтон келісімнен алты айдан кейін шығатынын мәлімдеді. Ол Штаттар Ресей келісімшартты "қайта сақтай бастаған" жағдайда ғана шешімін өзгертуі мүмкін екенін атап өтті.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеу ешқандай заңбұзушылыққа жол берген жоқ деп жауап берді.

"Біз кейбір техникалық проблемалардың болуын осы іргелі келісімнен шығуға себеп қылуды құптамаймыз. АҚШ Ресей тарапынан заңбұзушылық ретінде көрсетуге тырысып жатқан осы техникалық мәселелерді талқылауды одан әрі жалғастыруға ештеңе кедергі емес", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко.

Грушко Ашық аспан келісімшарты 20 жылдан астам уақыт ішінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдағанын және "барлық элемент өзара байланысты болатын әскери қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болды" деп атап көрсетті.

Вашингтон бұған дейін Мәскеудің 2019 жылдың қыркүйегінде АҚШ-Канада миссиясының ұшуына рұқсатты кері қайтарып, келісімшартты бұзғанын мәлімдеген. Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарып, заңбұзушылық АҚШ тарапынан болғанын көрсетті. Атап айтқанда, 2016 жылы Вашингтон аралық аэродромдардың қажетті санын беруден бас тартып, ресейлік ұшақтардың қауіпсіз келуін қамтамасыз етпеген.

Ашық аспан келісімшарты

1992 жылы қол қойылған құжат қырғи қабақ соғыстан кейін Еуропадағы сенімді нығайту шараларының бірі болды. Ол 2002 жылдан бері жұмыс істейді және қатысушы елдерге бір-бірінің қарулы күштері мен іс-шаралары туралы ашық ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Келісімге 34 мемлекет қол қойды.

85
Кілт сөздер:
келісім, Ресей, АҚШ
Апатты тұрғын үй, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы апатты үйлерден көшіріледі

17
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында ескі үйлерге барып, тұрғындардың шағымын тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа үйлерге көшіріледі.  

 Апатты үйлердің ішінде 1931 жылы салынғандары да бар. Қаланы аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов ескі үйлерге барып, тұрғындармен әңгімелесті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқи отырыңыз: 2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады 

Сарыарқа ауданының Бесшатыр көшесі, 8 мекенжайында тұратын тұрғындар 2019 жылдың күзінде елорда әкімімен кездескеннен кейін ауданда бірқатар мәселенің шешілгенін айтты. Асфальт төселіп, кәріз мәселесі шешімін тапқан.

Қазіргі таңда апатты тұрғын үйлерді бұзу мәселесі қалып отыр, "Үй көз алдымызда қирап жатыр. Қыста көппәтерлі үйді көмірмен жылытамыз. Үй суық", - дейді тұрғындар.  

"Қалада 125 апатты үй бар. Осы үйдің барлық тұрғыны жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады. Биыл 800-ден астам отбасын жаңа үйлерге көшіреміз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.   

Тағы бір сүрілетін үйдің тұрғанына 90 жыл болыпты (Алтынсарин көшесі). Сондай-ақ, темір жолдың жанындағы барак типтес үйлер бұзылады.

"Вагон рельстен шығып, біздің үйімізге жақын жерде құлап кеткен жағдайлар да болды. Балаларды далаға жіберуге қорқамыз", - деп шағымданды тұрғындар.  

17
Кілт сөздер:
елорда, баспана
Тақырып бойынша
Елорда әкімдігі баспана алудың үш жолын атады
"Кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін" деген ұстаз кешірім сұрады – видео
"5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы шілдеде іске қосылады
Ибрагимова неліктен жаңа үйге ғана ипотека берілетінін түсіндірді
Министр "5-10-20" бағдарламасы бойынша кімдер үй алатынын айтты