БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш

БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты

31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш коронавирус пандемиясына қатысты іс-шаралар мен Қазақстанның 2020-2021 жылдары теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына төрағалығын талқылады, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында COVID-19 пандемиясын және оның салдарын жою аясында БҰҰ мен Қазақстан қабылдаған нақты іс-шаралар туралы айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның ұлттық экономика мен денсаулық сақтау жүйесіне тигізген кері әсерін жеңілдетуге қатысты БҰҰ Бас хатшысының белсенді әрекеттеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар, Тоқаев қазіргі жағдайдың жаһандық дағдарысқа қарсы күресте алдыңғы шепте жүрген БҰҰ мен оның агенттіктерінің маңызды рөл атқаратынын айқындап бергенін атап өтті.

"Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға және экономиканы қайта қалпына келтіруге бағытталған БҰҰ бастамаларын толықтай қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевқа БҰҰ-ның бастамаларын қолдағаны және өңірлік деңгейдегі коронавирусқа қарсы күреске қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдірді. Бас хатшы азаматтардың денсаулығын сақтау, халықтың жағдайы төмен топтарына қаржылай көмек көрсету, бизнесті қолдау және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі жаңа экономикалық бағытты айқындау мақсатында Қазақстанның қабылдаған шараларын құптады.

Сонымен қатар Антониу Гутерриш Қазақстанның 2020-2021 жылдары теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына төрағалық етуіне оң баға берді.

Әңгімелесу барысында Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты "COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландырудың жоғары деңгейдегі сегменті" атты форумға қатысуға шақырды.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді

Аталған шара 28 мамыр күні бейне конференция форматында өтеді. Оған бірқатар елдің басшылары мен көптеген институттардың жетекшілері қатысады. Коронавирус эпидемиясы жалғасқан жағдайда артта қалған және дамушы мемлекеттерге қолдау көрсету мәселесін талқылау жиынның басты тақырыбы болмақ.

Мемлекет басшысы алдағы онлайн форумға қатысуға келісім берді. Сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың тілектестік рухы мен бірлескен іс-қимылдары адамзаттың пандемияның кешенді қаупін еңсеріп, БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге БҰҰ Бас хатшысы бастамашы болды.

31
Кілт сөздер:
Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, БҰҰ
Тақырып бойынша
Қазақстан президенті БҰҰ Бас хатшысының көмекшісімен кездесті
Тоқаев ЕАЭО саммитіне қатысады
Тоқаев: Коронавирус індетінің таралу қаупі сейілген жоқ
Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуына үлкен еңбек сіңірген тұлға қайтыс болды
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы жаңа елшілерді тағайындады

38
(Жаңартылды 11:20 22.05.2020)
Мемлекет басшысы екі елшіні жаңа дипломатиялық лауазымдарды қоса атқарушы қызметіне тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды  

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы елшілерді тағайындады.

Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстанның Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Қазақстанының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Арыстанов Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Данияр Сарекенов дипломатиялық еңбек жолын 1993 жылы сыртқы істер министрлігінде атташе қызметінен бастады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. Кейінірек, сол жылы ол Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды, бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.

Аркен Арыстанов әр жылдары қаржы саласында еңбек етті. 2011-2013 жылдары "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды. 2014-2019 жылдары – Қазақстанның Франциядағы елшілігінде инвестициялар жөніндегі кеңесші.

2019 жылы ол Қазақстанның Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы елшісі болып тағайындалды.

38
Кілт сөздер:
елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді
Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады
АҚШ президенті Дональд Трамп

Трамп АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығатынын жариялады

86
(Жаңартылды 10:04 22.05.2020)
Егер ештеңе өзгермесе, Америка Құрама Штаттары үшін келісімшарттың әрекет ету мерзімі жарты жылдан кейін аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің Ашық аспан келісімінен шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз деп ойлаймыз, бірақ олар келісімшартты ұстанбады. Сондықтан біз шығамыз. Бірақ бізде жаңа келісімге қол жеткізуге немесе осы келісімшартты бірге қайтару үшін бір нәрсе жасауға болатын жақсы мүмкіндік бар", - деп хабарлады Трамп.

Оқи отырыңыз: Ресей АҚШ-қа гуманитарлық көмек жіберді 

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео кейінірек Вашингтон келісімнен алты айдан кейін шығатынын мәлімдеді. Ол Штаттар Ресей келісімшартты "қайта сақтай бастаған" жағдайда ғана шешімін өзгертуі мүмкін екенін атап өтті.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеу ешқандай заңбұзушылыққа жол берген жоқ деп жауап берді.

"Біз кейбір техникалық проблемалардың болуын осы іргелі келісімнен шығуға себеп қылуды құптамаймыз. АҚШ Ресей тарапынан заңбұзушылық ретінде көрсетуге тырысып жатқан осы техникалық мәселелерді талқылауды одан әрі жалғастыруға ештеңе кедергі емес", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко.

Грушко Ашық аспан келісімшарты 20 жылдан астам уақыт ішінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдағанын және "барлық элемент өзара байланысты болатын әскери қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болды" деп атап көрсетті.

Вашингтон бұған дейін Мәскеудің 2019 жылдың қыркүйегінде АҚШ-Канада миссиясының ұшуына рұқсатты кері қайтарып, келісімшартты бұзғанын мәлімдеген. Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарып, заңбұзушылық АҚШ тарапынан болғанын көрсетті. Атап айтқанда, 2016 жылы Вашингтон аралық аэродромдардың қажетті санын беруден бас тартып, ресейлік ұшақтардың қауіпсіз келуін қамтамасыз етпеген.

Ашық аспан келісімшарты

1992 жылы қол қойылған құжат қырғи қабақ соғыстан кейін Еуропадағы сенімді нығайту шараларының бірі болды. Ол 2002 жылдан бері жұмыс істейді және қатысушы елдерге бір-бірінің қарулы күштері мен іс-шаралары туралы ашық ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Келісімге 34 мемлекет қол қойды.

86
Кілт сөздер:
келісім, Ресей, АҚШ
Архивтегі фото

COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды

8
Ресейлік вирусолог коронавирус инфекциясын емдеу кезінде қандай дәрілерді қолдануға болмайтыны айтты

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Вирусолог дәрігер Надежда Жолобак коронавирус инфекциясынан өз бетінше тұмауға қарсы дәрілермен емделетін науқастардың қателігін атады.

Дәрігер коронавирус инфекциясы болған жағдайда, қабынуға қарсы стероидты емес танымал ибупрофен, аспирин, вольтарен, виклофенак және напроксен секілді препараттардың зиянды екенін айтты.

"Француз және италиян зерттеушілерінің тәжірибесі бұл препараттардың көмектеспейтінін көрсетті, тіпті бұл дәрілер ағзаны вирус қабылдағыш етеді. Сол себепті аспирин ішуге болмайды", - деп түсіндірді маман "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында.

Аталған дәрілер инфекция жұқтыруға жағдай жасайды. Ол өкпеге оңай еніп, кейіннен пневмонияның қабынуы мен альвеолдың зақымдануына әкеледі.

Оның айтуынша, Батыс дәрігерлері тек парацетамол ішуді ұсынады.

"Шын мәнінде, парацетамолдан да бас тарту қажет. Оның әсері соңына дейін зерттелмеген және салдарының қандай болатыны белгісіз", - деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Сонымен қатар маман ауруды басатын дәрілерді қолданбауды ұсынды, себебі олар тыныс алуды қиындатып, әртүрлі патологияларды тудыруы мүмкін.

Маманның айтуынша, егер дене қызуы жоғары болса, өз бетінше ем қабылдамай, бірден дәрігерге қаралу қажет.

8
Кілт сөздер:
дәрі-дәрмек, инфекция
Тақырып бойынша
Маман коронавирустың бұған дейін айтылмаған қаупін атады
Алматының бас санитар дәрігері кімдерге вирус жұқпайтынын айтты
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Тоқаев коронавирусқа қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді
Ғалымдар коронавирустан қорғанудың жолын тапты