Экономика

Тоқаев ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның қандай талапқа көнгенін айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинФлаги стран ЕАЭС
Флаги стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің азаматтарына Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеуге тең мүмкіндік беру керек

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын жасақтау талаптарын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бейнеконференция форматында өткен ЕАЭО саммиті кезінде президент комиссияның қазіргі тәртібі бойынша атқарушы лауазымдар әрбір мемлекеттің құйған қаржысына қарай таратылатынын еске салды. Ал одақты құрғанда Қазақстан ондай ұстанымға қарсы болған.

"Қазақстан әу баста ондай тәсілге қарсы болды. Біздің бірінші президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев та осы мәселеге қатысты бірнеше рет пікір білдірген болатын. Алайда одақты құру туралы келісімді рәсімдеу үшін Қазақстан өз ұстанымын өзгертті, былайша айтқанда, жол бердік", – деді Тоқаев саммитте.

Мемлекет басшысы ортақ істі қолға алғанда комиссия құрамындағы орындарды квотамен таратқан дұрыс емес деп санайды. Осы орайда халықаралық ұйымдардың тәжірибесін ескеру керек.

"Халықаралық ұйымдарда ортақ тәртіп бар. Комиссияны қаржыландыру көлемі ұлттық органдардан жоғары тұратын органның штатын қалыптастырудың басты өлшемі болмауы керек. Себебі ондай ұстаным ЕАЭО-ның негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етпейді", – дейді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің азаматтарына Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеуге тең мүмкіндік беру керек. Ал комиссияның құрамына алғанда адамның кәсіби біліктілігіне баса назар аударған жөн.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ЕАЭО-да тауарларды міндетті таңбалауды енгізуді кейінге қалдыруды ұсынды

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) – Еуразиялық экономикалық одақтың реттеуші органы. Осы құрылым 2012 жылы 2 ақпанда өз жұмысын бастаған болатын. Ол ұлттық органдардан жоғары және басқарушы орган мәртебесі бар. Одан жоғары тұрған орган – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес. Оған президенттер кіреді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы 19 мамырда Минск қаласында өткізу жоспарланған болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты кеңес отырысын бейнеконференция форматында ұйымдастыруға шешім қабылданды.

Жаңалықтар
0