Саясат

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде тағайындау жасады

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуНурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото
Нурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметіне Ерлан Байтұқбаев тағайындалды. 

Елбасының ресми сайтында Қазақстанның тұңғыш президенті, Кеңес төрағасының шешімімен Шоқан Елшібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғаны жазылған.

Оның орнына бұған дейін Қауіпсіздік кеңестің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған Ерлан Байтұқбаев келді.

Ерлан Байтұқбаев туралы не білеміз

Ерлан Байтұқбаев 1969 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін  тәмамдаған (мамандығы "құқықтану").

Еңбек жолы Алматыда Фрунзе ауданы прокурорының көмекші-стажері ретінде бастады. Түрлі жылдары прокурор, аға прокурор, Қостанай облысы прокурорының орынбасары, Орталық көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, инвестициялар және даму министрлігі комитеті басшысының орынбасары болған.

Тағайындауға дейін Қауіпсіздік Кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Жаңалықтар
0