Саясат

Сенат сайлауы: учаскелерде не болып жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевВыборы депутатов сената
Выборы депутатов сената - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таңғы сағат 10.00-ден бастап республиканың барлық өңірінде сайлаушыларды тіркеу басталды. Тізімде 17 орынға сайланатын 46 үміткер бар

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Сенат сайлауында дауыс берушілерді тіркеу ашылған сәттен бастап 30 минут ішінде Қазақстан бойынша қажетті қатысушылар саны толық жиналды.

Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, сағат 10:30-да сайлаушылардың 81,9%-і келді.

"Республиканың үш өңірінде сайлаушылар көп жиналды: Қарағанды облысы (98%), Ақтөбе облысы (96%) және Шымкент(96%)", - деп хабарлады Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы.

Сенат депутаттарының сайлауын 185 адам бақылайды, оның ішінде: 180 ұлттық, сондай-ақ түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен 5 халықаралық бақылаушы болады.

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтанда дауыс беруТәуелсіздік сарайында өтіп жатыр
Сенат сайлауы: учаскелерде не болып жатыр - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтанда дауыс беруТәуелсіздік сарайында өтіп жатыр

2020 жылы сенаттағы орынға 46 үміткер қатысып жатыр. Олардың тек 17-сі парламенттің жоғарғы палатасының депутаты болады.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде сайлайды, яғни оларды республиканың қатардағы азаматтары емес, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары сайлайды. Бұл сайлауға Қазақстанның барлық өңірінен 3 071 сайлаушы қатысады.

Тағы оқыңыз: Сенат төрағасы мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
0