Қорғаныс министрлігінің ғимараты

Қазақстан Ресеймен әскери әріптестік туралы келісімшартты жаңартуға мүдделі

69
Қорғаныс министрлігі 1994 жылдан бері келе жатқан келісімнің бірқатар ережесі жүзеге асырылғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі Ресеймен әскери әріптестік жөніндегі жаңа келісімшартқа қол қоюға әзірленіп жатқанын хабарлады.

"Құжаттың мақсаты - 1994 жылы 28 наурызда тараптар қол қойған келімшартты алмастыру", - деді қорғаныс министрлігінде.

Жаңа жобада Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери әріптестікті дамыту қарастырылған. Ведомство бұрынғы құжатта көрсетілген бірқатар ереже жүзеге асырылып үлгерілгенін айтты.

Полигондарды пайдалану, екіжақты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскерді қолдану, Қазақстан аумағында уақытша болатын әскери құрылымдардың беделі, әскери жүк тасымалы сынды мәселелер бойынша жеке халықаралық келісімшарт жасалды. 

Келісімшарт жобасы әскери әріптестік кезіндегі мақсаттар, қағидалар мен бағыттарды қамтитыны жеткізілді.

69
Қазақстанның қорғаныс министрі Ермекбае пен Ресейдің қорғаныс министрі Шойгу

Қазақстанның Ресеймен жаңа әскери келісімшарты: ол не туралы   

62
Әскери ынтымақтастық туралы келісімшарттың жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық жөніндегі келісімшартқа қол қою туралы" жарлық жобасы "Ашық НҚА" платформасында жарияланды.

Ол 1994 жылдың 28 наурызындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы келісімшарттың орнына әзірленді, сондықтан қорғаныс министрліктеріне қатысты мәселелер бойынша елдердің өзара ықпалдастығын дамытып, жандандыруы тиіс.

Жарлық жобасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1992 жылдың 25 мамырындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімшарттың және 2013 жылдың 11 қарашасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімшарттың ережелеріне негізделген.

Оның негізгі қағидаттары – одақтастық және стратегиялық серіктестік, мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, шекаралардың мызғымастығы, дауларды бейбіт жолмен шешу және күш қолданбау, тең құқықтық пен ішкі істерге араласпау қағидаттары, делінген жарлықтың кіріспе бөлімінде.

Жаңа әскери келісімшарт нені реттейді?

Қазақстан мен Ресей келесі мәселелер бойынша өзара әрекеттесу туралы келісімге келді:

  • тараптардың бірі жүгінген жағдайда, тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерлерді (күштерді) пайдалануды бірлесіп жоспарлау;
  • тараптардың бірі жүгінген жағдайда, аймақтық қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұру;
  • жедел және жауынгерлік дайындық;
  • әскери білім және ғылым;
  • терроризмге қарсы іс-қимыл;
  • бітімгершілік қызмет;
  • тараптардың өз аумағындағы әскери құрамаларының қызметін қамтамасыз ету,  әскерлердің (күштердің) қызметі және оларды жан-жақты қолдау;
  • екіжақты құқықтық келісімшарт базасын жетілдіру;
  • тараптардың әскери делегацияларының халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы аясындағы өзара іс-қимылы;
  • мемлекеттік құпияны сақтау;
  • мәдениет және спорт.

Осы келісімшарт аясында Қазақстан мен Ресей әскери саладағы стратегиялық серіктестіктің  үш жылдық кезеңге арналған бағдарламасын әзірлейді.

Тараптарға қандай міндет жүктеледі?

Келісімшартта тараптардың әскери барлау саласындағы ынтымақтастығы көрсетілген, бірақ тараптардың әрқайсысы қарсы тарапқа бағытталатын барлау қызметін жүзеге асырмауға міндеттеледі. Тараптардың формасы мен мазмұнына қарамастан, осы келісімшарт шеңберінде бір-біріне берген кез келген ақпараты басқа тарапқа зиян келтіру мақсатында пайдаланылмауы қажет. 

Бұл келісімшарттың басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмағандығы және тараптардың басқа халықаралық келісімшарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттеріне әсер етпейтіндігі аталып өткен.

Пресс-служба Минобороны РФ
Қазақстан мен Ресей әскери саладағы стратегиялық серіктестіктің үш жылдық кезеңге арналған бағдарламасын әзірлейді

Сонымен қатар, тараптар бірлескен іс-шараларды жоспарлайды және әскери нысандардағы іс-әрекеттердің салдарынан туындаған экологиялық проблемалардың алдын алу мен шешуде өзара көмек көрсетеді.

Тараптардың бірінің қауіпсіздігіне, тәуелсіздігіне немесе аумақтық тұтастығына қауіп төнген жағдайда, елдер дереу кеңесе келе, халықаралық құқыққа, соның ішінде 1992 жылдың 15 мамырындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың ережелеріне сәйкес бір-біріне қажет кез келген, соның ішінде әскери көмек көрсету үшін нақты іс-қимылды жүзеге асырады.

62
Тақырып бойынша
Әлемнің үздік елдері анықталды: Қазақстан нешінші орында
Алматыда күзде әскерге мың жарым адам шақырылады
Ресейдің әскери дәрігерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы госпитальдерде жұмысқа кірісті
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті
Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды

5663
Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясының 75 жылдығына және жалпы дебаттардағы күн тәртібіне байланысты ағылшын тілінде екі бейнеүндеу жасайды деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлі президенттің бүгінгі үндеуі туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 20.00-ден кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейнеүндеу жасайды", - деп жазды Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясы онлайн форматта өтеді. Мемлекет басшылары бейнебайланыс форматында сөз сөйлейді. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 75 жылдығына және жалпы дебаттардағы күн тәртібіне байланысты ағылшын тілінде екі бейнеүндеу жасайды деген жоспар бар.

Қазақстан президенті 21 қыркүйекте Біріккен ұлттар ұйымы 75 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі кездесуге, ал 23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысады.

"Ол кезде мені қолдамады": Тоқаев 12 жыл бұрынғы болжамы дәл келгенін айтты

Президент өз баяндамаларында халықаралық өзекті мәселелерді шешу ісіндегі әлемдік қоғамдастықтың іс-қимылдарын үйлестірудің маңыздылығын, атап айтқанда, коронавирус індетімен күрес, жаһандық экономикалық өсімді қалпына келтіру, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, климаттың өзгеруі сияқты проблемаларды көтереді. Бұдан бөлек, президент халықаралық саясаттағы БҰҰ-ның рөлін күшейту, Орталық Азиядағы өңірлік ықпалдастық салалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс мәселелерді қозғап, бірқатар халықаралық бастамаларды ұсынады.

5663
Кілт сөздер:
БҰҰ, бейнеүндеу, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанның коронавируспен күреске елеулі үлес қосқанын айтты
Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады – Тоқаев
Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды
Архивтегі фото

Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті

0
Полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында біреудің көлігін айдап әкеткен азамат жол апатына ұшырады, деп хабарлады Polisia.kz.  

20 қыркүйек күні Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына 47 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны хабарласып, аудан орталығына туысының үйіне келгенде түнгі сағат 1.00 шамасында белгісіз біреу аулада тұрған автокөлігін айдап әкеткенін жеткізген.

Арада біршама уақыт өткенде полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өртенген ұрланған көлік екенін анықтады.

Оқи отырыңыз: Ордабасы тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды 

Куәгерлер көлік аударылғанда оның ішінен белгісіз азамат шығып, оқиға орнынан ізін суытқанын айтқан.

Автокөліктің қатты өртенгені сондай, қайта жөндеуге жарамсыз болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі үш миллион теңгеден асқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстап, оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

0
Кілт сөздер:
ұрлық, көлік
Тақырып бойынша
Түркістанның екі тұрғыны ұрланған көлікпен жол апатына түсті
Денис Теннің өліміне күдікті өз өмірі туралы шындықты айтты
Алматыда 350-ге жуық көлік айнасын ұрлаушы ұсталды
Ұрланған ақшаға көлік алған: Шымкент тұрғынын өртеп жіберген қаскүнем ұсталды
Алматыда көлік айдап әкеткен қос ұры өлім аузынан қалды - фото
Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады