Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

4648
(Жаңартылды 21:23 03.09.2020)
Мәдина Әбілқасымова президентке сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалардың дайындалып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың есебін тыңдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президентке қаржы нарығының биылғы дамуы жөнінде есеп беріліп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканы несиелеу ісін ынталандыруға қатысты реттеу шараларын жүзеге асыру және тұтыну несиелерінің шектен тыс артуына жол бермеу туралы мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндалды.

Оқи отырыңыз: Президент латын әліпбиін енгізу мәселесі бойынша тапсырма берді 

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру аясында агенттік үкіметпен бірлесіп экономиканың зардап шеккен секторларына қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнес өкілдерінің алған қарыздарына жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен субсидия беріледі.

Агенттік басшысы президентке сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалардың дайындалып жатқанын айтты. Сақтандыру нарығын жетілдіру жөніндегі заң жобасы бойынша халықтың зейнетақы және инвестициялық сақтандыру қорларының жұмысына араласуы артады, сол арқылы азаматтардың жинағы еселене түседі. Сонымен қатар кәсіпкерлердің құнды қағаздар нарығында қор жинауына мүмкіндік беретін шаралар қабылданады.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің жұмысын оң бағалап, қаржы нарығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

4648
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәдина Әбілқасымова
Тақырып бойынша
Ұлттық банк 8%-пен кредит беретін бағдарлама туралы айтты
Президент "Нұрлы жер" аясында салынатын үйлерге қатысты ұсыныс жасады
Мемлекет басшысының бірқатар жарлығы жарияланды
Мемлекет арендалық пәтер ақысын төлеуге көмектеседі – Тоқаев тапсырма берді 
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

847
Қазақстан Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжалдың өршуіне өз алаңдаушылығын білдіреді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы жағдайды тұрақтандырып, күш қолданудан бас тарту және келіссөздерді бастау үшін барлық шараларды қабылдауға шақырады, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан халықаралық ұйымдардың алаңында келіссөздер жүргізу арқылы туындаған жанжалды бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын.

"Қазақстан АӨСШК-нің (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес – Sputnik) қазіргі төрағасы ретінде сенім шаралары пакетін қолдануды ұсынамыз", – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения Қарулы күштері Қарабақтағы байланыс сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Қазақ тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қарабақ Әзербайжаннан "әуе және ракеталық шабуылдарға ұшыраған".

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Арайк Арутюнян әскери жағдай енгізді. Армения да әскери жағдай енгізіп, елде жалпы жұмылдыру жариялады. Ал Әзербайжан басшысы әзірге елде жалпы жұмылдыру қажет емес деп мәлімдеді.

847
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери билетті беру тәртібі өзгереді
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Алматы облысында 95 жастағы қария өзінің соғысқа қатысқанын дәлелдей алмай жүр
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Ереванда өтеді
Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді
Ақорда ғимараты

Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді

528
Ақордадағы кездесуде демографиялық саясат, балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланып, жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматыда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қайрат Жолдыбайұлымен және Андрей Чеботаревпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлымен кездесуде демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі және еліміздегі балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев  

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған бастамаларына қолдау білдірді. Атап айтқанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің маңыздылығы еліміздің саяси трансформация үдерісіндегі тағы бір оң қадам екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту, мүлік меншіктерінің бірлестігін құру және оның қызметі жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

528
Кілт сөздер:
президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

60
(Жаңартылды 21:17 27.09.2020)
Автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда премьер-министр Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов кездесіп, үш бірдей автомобиль жасау жобасын бастап берді. Нысандарға тартылған инвестиция көлемі 261 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Келісімге сәйкес, алдағы уақытта Қостанай индустриялық аймағында "КАМАЗ" шойын құймасы мен жүк техникасының шанақ-арқалығына арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыты салынып, Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісі ашылады. Бұл жердегі шектес салаларды ескере отырып, өндіріс орнында шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Ал зауыттардың құрылысы 2023 жылы аяқтау көзделген.

Үкімет басшысы автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайтынын атап өтті.

"Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астам – 9,4 миллиард теңгеге дейін артты", – деді Мамин.

Шара аясында үкімет басшысына ауыл шаруашылығы техникасын жинау және кәдеге жарату зауыты мен "КАМАЗ" инжиниринг орталығын ашудың бірлескен Қазақстан–Ресей жобасы таныстырылды.

Оқи отырыңыз: Таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз: Ермек Тұрсынов Татарстан киносы күндері жайлы

Сондай-ақ, кездесуде ресейлік "КАМАЗ" бен "Татнефть" және өзбектің "UzAuto" компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

60
Кілт сөздер:
экономика, Қазақстан, Татарстан
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Татарстан меморандумға қол қойды
Азық-түлікті қымбаттатуға еш себеп жоқ – Мамин
Маска мен дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – Мамин
Татарстан президенті сабан тойды Қостанайда атап өтеді
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды