Жаңа агенттік құрылады

Қазақстанда құрылатын жаңа агенттік немен айналысады 

106
(Жаңартылды 11:44 04.09.2020)
Ұлттық экономика министрлігінің жекелеген функциялары президент жанындағы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі немен айналысатынын және қалай қаржыланатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ұлттық экономика министрлігінің жекелеген функциялары президент жанындағы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне беріледі. 

"Атап айтқанда, бұл стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік басқарудың жекелеген мәселелері мен мемлекеттік статистиканы дамыту функциялары. Агенттік қызметін қаржыландыру жоғарыда айтылған функцияларды орындауға жұмсалатын қазіргі шығыстарды қайта бөлу есебінен жүзеге асады. Бөліністік теңгерім жасалып, биылғы бюджетті нақтылау және алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде ескеріледі", - деді Смайылов үкімет үйінде өткен брифингте. 

Ол республикалық бюджет туралы заң жобалары қазір мәжілісте екенін атап өтті. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды тапсырды. Жаңа орган тікелей президентке бағынады.

106
Кілт сөздер:
Қазақстан
Тақырып:
Президент жолдауы - 2020 (51)
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылады
Тоқаевтың тапсырмасы: мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қаншаға өседі
Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі пайда болады
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

1282
Қазақстан Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжалдың өршуіне өз алаңдаушылығын білдіреді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы жағдайды тұрақтандырып, күш қолданудан бас тарту және келіссөздерді бастау үшін барлық шараларды қабылдауға шақырады, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан халықаралық ұйымдардың алаңында келіссөздер жүргізу арқылы туындаған жанжалды бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын.

"Қазақстан АӨСШК-нің (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес – Sputnik) қазіргі төрағасы ретінде сенім шаралары пакетін қолдануды ұсынамыз", – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения Қарулы күштері Қарабақтағы байланыс сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Қазақ тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қарабақ Әзербайжаннан "әуе және ракеталық шабуылдарға ұшыраған".

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Арайк Арутюнян әскери жағдай енгізді. Армения да әскери жағдай енгізіп, елде жалпы жұмылдыру жариялады. Ал Әзербайжан басшысы әзірге елде жалпы жұмылдыру қажет емес деп мәлімдеді.

1282
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери билетті беру тәртібі өзгереді
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Алматы облысында 95 жастағы қария өзінің соғысқа қатысқанын дәлелдей алмай жүр
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Ереванда өтеді
Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді
Ақорда ғимараты

Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді

549
Ақордадағы кездесуде демографиялық саясат, балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланып, жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматыда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қайрат Жолдыбайұлымен және Андрей Чеботаревпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлымен кездесуде демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі және еліміздегі балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев  

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған бастамаларына қолдау білдірді. Атап айтқанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің маңыздылығы еліміздің саяси трансформация үдерісіндегі тағы бір оң қадам екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту, мүлік меншіктерінің бірлестігін құру және оның қызметі жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

549
Кілт сөздер:
президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Архивтегі фото

Өзбекстанда тұратын қазақ көмек сұрады

0
Жорықбаев қазақ мәдени орталығының құрылысын екі жыл бұрын бастаған. Ол үшін бизнесін сатып, банктен кредит алған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанда қазақ мәдени орталығын салып жатқан азамат Қазақстандағы қандастарынан көмек сұрады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Жақсылық Жорықбаев қазақ жастары арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеу үшін орталық ғимаратын өз есебінен тұрғызбақшы еді. Алайда қазір құрылыс тұралап қалған көрінеді.

Ташкенттен 40 шақырым жерде орналасқан Шыршық шаһарында 25 мыңдай қазақ түтін түтетіп отыр.  

"Бұл – біздің орталықтың екінші қабаты. Бұл жерде домбыра, би, жайдарман үйірмелерін өткізбекшіміз. Өзіміздің фольклорлық ансамбліміз болады", - дейді Шыршық қаласы қазақ мәдени орталығының төрағасы Жақсылық Жорықбаев.

Бұл жерді Жақсылық Жорықбаев жергілікті қазақ жастары жиі бас сұғатын орынға айналдырмақшы. Оның мақсаты – балаларды бауырмалдыққа һәм қазақылыққа тәрбиелеу. Қандас бауырымыз Өзбекстанда ұлтымыздың ұлыларын жиі ұлықтайды. Мысалы, биыл Абайдың 175 жылдығына арнап ауқымды ісшара өткізген.

"Ата дәстүрді үйретуіміз керек. Осы құрылысты сол үшін қолға алдық. Жастарды бір жерге жинап үйретпесек, түсінбейді. Әркім өз тіршілігін істеп жүр", - дейді орталық басшысы.

"Бір мәселеміз бар еді, оны да Мирзиеев шешіп берді": Өзбекстандағы қазақтардың өмірі

Жорықбаев қазақ мәдени орталығының құрылысын екі жыл бұрын бастаған. Ол үшін бизнесін сатып, банктен кредит алған. Ғимаратты былтыр өткен Өзбекстандағы Қазақстан жылы қарсаңында салып бітіруді көздеген еді. Қазір қаржы мәселесі қос бүйірден қысып отыр дейді ол.  

"Мен 120 мың доллардан артық қаржы жұмсадым. Енді 30 мың доллар болса, жұмыс бітеді. Қазақстан халқы жәрдем беріп жатса, Алла разы болады деп ойлаймын", - деп түйіндеді Жақсылық Жорықбаев.

0
Тақырып бойынша
XXI ғасырдың қазағына оғаш көрінетін салт-дәстүрлер
Өзбекстаннан келген оралман отбасында жантүршігерлік қылмыс жасалды
Қаны сирек кездеседі: қазақ жігіті қытайларға қалай көмектесіп жүр
Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты