Саясат

Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALL Акорда, архивное фото
Акорда, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта министрлік жұмысының 83% электронды форматқа көшкен. Жыл соңына дейін бұл межені 91% жеткізу көзделіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа төтенше жағдай комитетін Ішкі істер министрлігінің құрамынан бөлу жұмыстары жайында баяндалды. Министрдің айтуынша, бүгінде арнайы комиссия құрылған.

"Алдағы уақытта Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құрамында қызмет ететін 25 мыңға жуық адамның тізімі нақтыланып, қажетті техника мен құрал-жабдық бөлініп жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы бір айдың ішінде аяқталады", - деді Тұрғымбаев.

Сонымен қатар Ерлан Тұрғымбаев "полиция қадамдық қолжетімділікте" қағидаты бойынша реформалау жұмысының барысы туралы айтты. Министр аталған қағидат бойынша жергілікті полиция қызметкерлері материалдық тұрғыдан толық жабдықталып, олардың республиканың барлық аумағында халықпен тығыз жұмыс істеуіне оңтайлы жағдай жасалатынын жеткізді. Осы мақсатта учаскелік полиция қызметкерлерінің мәртебесі заңмен бекітіліп, олар автокөлікпен, фото-видео бақылау құрылғыларымен, электронды планшеттермен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек кездесуде Ішкі істер министрлігінің жұмысын цифрландыру мәселесі де қозғалды. Қазірдің өзінде министрлік жұмысының 83% электронды форматқа көшкен. Жыл соңына дейін бұл межені 91% жеткізу көзделіп отыр.

Кездесу соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тұрғымбаевқа қолға алған реформаларды нәтижелі іске асыру керек екенін айтып, министрліктің алдына нақты міндеттер қойды.

Жаңалықтар
0