Қазақстан мен Қытайдың тулары

Қытайдың сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді

913
(Жаңартылды 14:31 09.09.2020)
Қытай Халық Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанға, Ресейге және Моңғолияға сапар шегеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысады, сондай-ақ Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлады ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь.

"Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Моңғолия сыртқы істер министрлерінің шақыруымен сыртқы істер министрі Ван И 10-16 қыркүйекте Ресейге аттанып, ШЫҰ сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады, сонымен қатар осы төрт елге сапармен барады", - деп РИА Новости Чжао Лицзянның сөзінен үзінді келтірді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 9-10 қыркүйекте Мәскеуде өтеді.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесетіні белгілі болды. Кездесу барысында екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың басты тақырыптарын талқылау жоспарланған.
 

913
Кілт сөздер:
саясат, Қытай
Тақырып бойынша
Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк көліктерін өткізу тәртібі бекітілді
Қазақстан әскери күш-қуат жағынан әлемдік рейтингте нешінші орында тұр  
Қытаймен шекарада түсірілген видео жарияланды
Назарбаев ядролық қаруға қатысты үндеу жолдады
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

1298
Қазақстан Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжалдың өршуіне өз алаңдаушылығын білдіреді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Әзербайжан мен Армения арасындағы жағдайды тұрақтандырып, күш қолданудан бас тарту және келіссөздерді бастау үшін барлық шараларды қабылдауға шақырады, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан халықаралық ұйымдардың алаңында келіссөздер жүргізу арқылы туындаған жанжалды бейбіт жолмен шешуге көмектесуге дайын.

"Қазақстан АӨСШК-нің (Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес – Sputnik) қазіргі төрағасы ретінде сенім шаралары пакетін қолдануды ұсынамыз", – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения Қарулы күштері Қарабақтағы байланыс сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Қазақ тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қарабақ Әзербайжаннан "әуе және ракеталық шабуылдарға ұшыраған".

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Арайк Арутюнян әскери жағдай енгізді. Армения да әскери жағдай енгізіп, елде жалпы жұмылдыру жариялады. Ал Әзербайжан басшысы әзірге елде жалпы жұмылдыру қажет емес деп мәлімдеді.

1298
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери билетті беру тәртібі өзгереді
Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында әлемге төнген жаңа қауіпті атады
Алматы облысында 95 жастағы қария өзінің соғысқа қатысқанын дәлелдей алмай жүр
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Ереванда өтеді
Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді
Ақорда ғимараты

Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді

549
Ақордадағы кездесуде демографиялық саясат, балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланып, жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматыда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қайрат Жолдыбайұлымен және Андрей Чеботаревпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлымен кездесуде демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі және еліміздегі балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев  

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған бастамаларына қолдау білдірді. Атап айтқанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің маңыздылығы еліміздің саяси трансформация үдерісіндегі тағы бір оң қадам екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту, мүлік меншіктерінің бірлестігін құру және оның қызметі жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

549
Кілт сөздер:
президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Архивтегі фото

Қытайда тәрбиеші өлім жазасына кесілді

0
Балабақша қызметкері Ван Юнь әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың Цзяоцзо қаласында халық соты балабақша қызметкерін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости.

Сот материалдарына сәйкес, "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь деген келіншек орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең Сунь есімді тәрбиешінің балалары жейтін ботқаға натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Бір бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды 

Тергеу шаралары барысында Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпан айында алдымен интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс берген. Ал химиялық затты алғаннан кейін суға қосып, күйеуіне берген. Ол кезде ер адам уланғанмен қатты зардап шекпеген.    

Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық сотының шешімімен Ван Юнь өлім жазасына кесілді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, балабақша
Тақырып бойынша
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды