Саясат

Тоқаев Си Цзиньпинді Қазақстанға шақырды

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекетттік кеңес мүшесі, сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекетттік кеңес мүшесі, сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан делегациясын Қытайда өтетін ЭКСПО Халықаралық импорт көрмесіне қатысуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекетттік кеңес мүшесі, сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады. Мемлекет басшысы Қытай төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Ақорда.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ықпалдастықты, COVID-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.

Тоқаев тығыз саяси диалогқа және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген қазақ-қытай қатынастарының даму қарқыны мен достық байланыстарды жоғары бағалады.

Президент жан-жақты стратегиялық серіктестікке қосымша серпін беру мақсатымен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

Ван И өз кезегінде Қытай басшысының жылы лебізі мен ауызша сәлемдемесін жеткізді. Си Цзиньпиннің айтуынша, Қазақстан - аймақтағы маңызды стратегиялық серіктес және Қытай екі ел халықтарының игілігі жолында өзара ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға әзір.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Қытай министрімен кездесті

Министр Қытай басшылығы Тоқаев жариялаған Қазақстан қоғамының қажеттіліктерін ескере отырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуларға бағытталған реформаларды құптайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, Ван И Қытай Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге зор көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда ол Қазақстан делегациясын Қытайда өтетін ЭКСПО Халықаралық импорт көрмесіне қатысуға шақырды.

Қазақстан президенті экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды,  соның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

"Қазақстандық өнім өндірушілердің ауыл шаруашылығы бойынша Қытайға экспорттайтын өнімдерінің, атап айтқанда дәнді және майлы дақылдардың номенклатурасы үлкен", -деді президент.

Кездесу соңында тараптар ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Жаңалықтар
0