Саясат

ШЫҰ қауіпсіздік кеңесінің хатшылары экстремизммен күрес мәселесін талқылайды

© AFP 2024 / MARK RALSTONФлаги стран - членов ШОС, архивное фото
Флаги стран - членов ШОС, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 15-ші кездесуі сейсенбі, 15 қыркүйек күні өтеді. Шара барысында өңірдің қауіпсіздік мәселелері талқыланады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекеттері қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуі сейсенбіде бейнеконференция форматында өтеді, деп хабарлайды Ресей қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі.

Антитеррористические учения вооруженных сил стран-членов ШОС, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ШЫҰ-ның терроризмге қарсы оқу-жаттығуы 2021 жылы өтеді – қорғаныс министрлігі
Кездесу барысында ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы жағдайды талқылау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлермен күресуге бағытталған бірлескен іс-әрекет мәселелері, соның ішінде ШЫҰ-ның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы желісі төңірегінде пікір алмасу көзделуде.

Ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ең алдымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен, заңсыз қару және есірткі айналымымен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес, сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас тетіктерін жетілдіру қаралады.

Кездесу РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен өтеді.

Еске сала кетейік, ШЫҰ-ға Индия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері кіреді.

Бұған дейін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшыларының саммиті де осы жылдың қарашасында қашықтан өтетіні хабарланған болатын.

Жаңалықтар
0