Астанада проблемалық құрылыс нысандарының ахуалы талқыланады

Жазылу
Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында 13 наурыз күні сағат 11.00-де Астана қаласының проблемалық құрылыс нысандары бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

Бүгінде, Астана әкімшілігінің ресми деректері бойынша, қала аумағында 59 проблемалық нысан бар. Баспасөз мәслихатының мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің назарын құрылыс саласындағы ұзаққа созылған мәселеге аудару. Бақылаудың жоқтығы мен мемлекеттік органдардың қауқарсыздығынан әлеуметтік ахуал шиеленісіп, салдары қиын болуы мүмкін.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат Р1. 

 

Жаңалықтар
0