Жеңіс туы

Sputnik Қазақстан Жеңіс күніне орай #ОднаНаВсех акциясын бастады

86
(Жаңартылды 12:16 09.05.2017)
Шараның серіктестері - НТВ телекомпаниясы мен "Одноклассники" әлеуметтік желісі болды

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі мен радиосы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында  НТВ телекомпаниясы және "Одноклассники" (ОК) әлеуметтік желісімен бірлесіп, ТМД және Балтық елдерінде #ОднаНаВсех ауқымды шарасын бастады.  Шара аясында әр интернет қолданушы ОК-дағы Sputnik аккаунтында, сонымен қатар НТВ сайтында және OK Live қосымшасы арқылы Булат Окуджаваның "Нам нужна одна Победа" өлеңін өзі орындаған видеоны #ОднаНаВсех хэштегімен бөлісуі тиіс.

Пайдаланушылар жіберген үздік видео ТМД және Балтық елдеріндегі Sputnik порталында жарияланып, сонымен қатар НТВ эфиріне шығады.

© Sputnik .
Одна Победа

Шара аясында Sputnik ҰОС ардагерлері, хор ұжымдары, ТМД және Балтық елдерінің танымал музыканттары және Sputnik редакциялық командаларының қатысуымен видеожоба жасайды.

Жобаға қатысушылар сондай-ақ, аты аңызға айналған өлең шумақтарын орындайды. Жеңіс күні, 9 мамырда Армения, Беларусь, Молдова және Қырғызстандағы Sputnik сайттарында мерекелік іс-шаралар алаңдарынан тікелей көрсетілім жүргізіледі.

"Одноклассники" әлеуметтік желісі мен OK Live қосымшасының пайдаланушылары сондай-ақ, өздерінің елдерінде Жеңіс күнін қалай атап өтіп жатқаны туралы #ОднаНаВсех хештегімен көрсетілім жариялап, айтып бере алады. Үздік стримдерді НТВ телекомпаниясы өз эфирінде көрсетеді. Шараның серіктестері НТВ телекомпаниясы мен "Одноклассники" әлеуметтік желісі болды

Жоба НТВ телекомпаниясы мен "Одноклассники" әлеуметтік желісімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді. Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.

НТВ – федералдық көрсетілімді жүзеге асыратын Ресейдегі ірі мемлекеттік емес телекомпания. 1993 жылғы қазанда алғашқы эфирге шыққаннан бері НТВ отандық теле нарықтың алғашқы үштігіне нық кіруде. НТВ халықтың 99,2%-ын қамтып, РФ-ның барлық субъектілерінде таратылады.Ресейден  тысқары – жақын шетелдер, Еуропа және Таяу Шығыс, сонымен қатар Солтүстік Америка мен Австралия елдеріндегі орыс тілді көрермендер үшін НТВ-Мир және НТВ-Америка – екі халықаралық нұсқа жасайды. Құрылған уақыттан бастап НТВ басты телевизиялық жанрларды жасап, дамытып келеді. Арнаның бағдарламалары арасында дәстүрлі түрде журналисттік тергеулер, қоғамға маңызды тақырыптардағы пікірталастар көш бастайды. Және ең алдымен жаңалықтар мен сараптама НТВ-таратылымының негізі.

НТВ ұжымының кәсібилігі Ресей мен бүкіл әлемде мойындалған. Жыл сайын НТВ-ның репортерлері, шолушылары мен жүргізушілері жоғары үкіметтік және журналистік марапаттар алады. Ойын-сауық жобалары – шытырман оқиғалы отандық сериалдар мен фильмдер, әлеуметтік және ойын сауық бағдарламалары, ойындық шоулар – беделді сыйлықтардың бірнеше рет иегерлері атанған.

Одноклассники – рунетте видео көру саны бойынша бірінші әлеуметтік желі (comScore, 2016 желтоқсан). Әлеуметтік желінің ішкі деректері бойынша ОК-да тәулігіне 350 миллионға жуық видео қаралады. ОК-да UGC-контент те құқық иелерінің контенттері де– фильмдер, сериалдар, ТВ-бағдарламалар және блогерлердің видеолары қолжетімді. Сонымен қатар ОК-да көптеген ресейлік телеарналардың тікелей көрсетілімі жүргізіледі. Әлеуметтік желі сондай-ақ, онлайн тәртібінде елдегі және әлемдегі елеулі оқиғаларды көрсетеді. Атап айтар болсақ, 9 мамырдағы Парад, Владимир Путиннің баспасөз конференциясы, Нобель сыйлығын тапсыру мен сән көрсетілімі.

Одноклассники 2016 жылғы қыркүйекте "ОК Live-ті іске қосты. Ол жаңалықтар басылымдары мен телеарналар редакторларына жариялымды қадағалап отыру үшін пайдаланушы контентті іздеуге мүмкіндік беретін тегін құрал. Функция Ресей мен бүкіл әлемде қол жетімді. 

86
Тақырып:
9 мамыр – Жеңіс күні (12)
Загрузка...