12 маусым Sputnik баспасөз орталығында ШЫҰ саммиті қорытындысы бойынша бейнекөпір өтеді

© Photo : Пресс-служба министерства обороны РКШЫҰ
ШЫҰ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана – Бішкек - Минск бейнекөпірінің тақырыбы: "Шанхай ынтымақтастық ұйымы: Астанадағы саммиттің қорытындысы", ол дүйсенбі 12 маусым күні сағат 14:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өтеді.

Бейсенбі 8 маусым күні Қазақстан елордасында бірқатар екі жақты келіссөздер өткізілді. Алайда саммит аясындағы негізгі іс-шаралар 9 маусымға жоспарланған.

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
ШЫҰ саммиті Астанада жұмысын бастады

Алдағы отырыстың тарихи маңызы зор. ШЫҰ мүше елдердің басшылары Астана декларациясына қол қойып, экстремизмге қарсы күрес туралы ШЫҰ конвенциясын қабылдайды және ұйымның даму басымдықтары мен мақсаттары анықталады.

Және бір маңызды оқиға — Үндістан мен Пәкістанға ШЫҰ-на мүше ел статусын беру бойынша жұмыстар аяқталмақ. Іс-шараға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, РФ президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қатысады.

Бейнекөпір аясында сарапшылар ШЫҰ шеңберіндегі өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері туралы сөз қозғап, жаңа жобалар мен Саммит қорытындысын талқылайды.

Астанадағы қатысушылар:

— "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Владимир Тельнов.

Бішкекте:

— Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының өнеркәсіп саясаты бойынша комитеті төрағасы Кубат Рахимов.

Минскіде:

— сарапшылар мен саясаттанушылар

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, қабат Р1. БАҚ аккредитациясы: +7 701 527 7007.

Жаңалықтар
0