Құрылыс

Ұзаққа созылған "Азбука жилья" құрылысы мәселесі Астанада талқыланады

16
(Жаңартылды 17:53 12.06.2017)
"Азбука жилья" салымшыларының жыры екі жылдан аса уақытқа созылды. Жеті тұрғын үй кешенінің құрылысын кім аяқтамай созып отыр? Жергілікті атқарушы органдар бұл мәселеге қалай қарайды? Осы және басқа да мәселелер Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында қаралады

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. 13 маусым күні сағат 11:00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Азбука жилья" салымшыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар:

- Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы мониторинг тобының мүшесі, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның президиум төрайымы, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының басқарма төрайымы Зәуреш БАТТАЛОВА;

— "Айсанам De Luxe-Успех" (Азбука Жилья) ТҚК төрағасы Мұрат ҚАСЕНОВ;

— "Айсанам De Luxe-Успех" ТҚК заңгері Аманбол АБЕУОВ;

— "Комфорт-Успех" ТК (Азбука Жилья) салымшысы Динара ӘБДІКЕНОВА;

— "Садовые кварталы" ТК (Азбука Жилья) салымшысы Гаухар ӘБІРБЕКОВА.

Баспасөз мәслихатының тікелей көрсетілімін Facebook желісінен тамашалай аласыздар.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1,ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), этаж P1.

БАҚ аккредитациясы: +7 701 527 7007.

16
Загрузка...