Қыз

Әр елдің сарапшылары қазіргі әлемдегі балалар проблемасын талқылайды

32
(Жаңартылды 13:01 22.11.2017)
Сәрсенбі 22 қарашада сағат 14:00-де Астана, Бішкек, Кишинев және Минск қалаларындағы Sputnik баспасөз орталықтарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған бейнекөпір өтеді.

Сарапшылар балаларға зорлық-зомбылық жасау, жетімдік, бала асырау, түсік жасату проблемалары туралы пікір алмасатын болады.

Кишиневте:

— балалар құқығы бойынша халық адвокаты Майя БЭНЭРЕСКУ;

Минискіде:

— Қасиетті Ефросинья Полоцкая қорының "Өмір, адамгершілік және отбасы құндылықтары үшін" атты тағылымдық жобасы басшысы Елена ЯРОШЕВИЧ;

Бішкекте:

— Қырғызстандағы БҰҰ Балалар қорының өкілдігі басшысының орынбасары Мунир МАМЕДЗАДЕ;

Астанада:

— БҰҰ Балалар қорының кеңесшісі Лариса ТИХОНОВА.

Sputnik Қазақстан мульимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12,(Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз), қабат P1.

32
SputnikPro жобасы ұйымдастырған шеберлік-сағатына қатысушы

SputnikPro жобасы редакциялық кәсіби шеберлік құпиясымен бөліседі

26
(Жаңартылды 13:07 05.08.2020)
Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының сарапшысы қазақстандық журналистер мен блогерлерді SputnikPro вебинарына шақырып, жаңалықтарды дайындау мен шығару шеберлігі туралы әңгімелейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Жұма, 7 тамыз күні сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) "Россия сегодня" ХАА: кәсіби шеберлік құпиялары. Редакцияның ішкі әлеуеті" тақырыбында SputnikPro білім беру жобасының онлайн-сессиясы өтеді.

Шеберлік-сағатының спикері "Россия сегодня" ХАА басты ақпарат дирекциясының директоры – бас редактордың орынбасары Дмитрий Горностаев.

Директор Главной дирекции информации МИА Россия сегодня Дмитрий Горностаев
© Sputnik / Рамиль Ситдиков
"Россия сегодня" ХАА басты ақпарат дирекциясының директоры – бас редактордың орынбасары Дмитрий Горностаев

Веб-семинар барысында Дмитрий Горностаев сайтта ақпарат жариялануы үшін жаңалықтар редакциясындағы жұмыстың қалай ұйымдастырылғандығы, ақпаратты дайындау форматы мен талаптары, жаңалық жазуға қанша уақыт қажеттігі, журналистің KPI көрсеткіші қандай болуы тиістігі мен ақпарат дереккөзін іздеу тетіктері туралы айтады.

Дмитрий Горностаев Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Ол әр жылдары "Советский спорт" газетінің авторы, "Независимая газета" халықаралық ақпарат бөлімі бастығының орынбасары, strana.ru жаңалықтар порталының халықаралық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді (2002 жылдың шілдесінен бастап Бүкілресейлік мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясындағы интернет-таратылым дирекциясы алқасының құрамында), "Россия" телеарнасындағы "Вести" кешкі шығарылым бағдарламасының шеф-редакторы, РИА Новостидің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бас дирекциясының редакторы, РИА Новостидің Нью-Йорктегі бөлімінің жетекшісі – АҚШ-тағы өкілдік басшысының орынбасары, БҰҰ жанындағы тілшілер қосынының жетекшісі. Сонымен қатар Вашингтондағы "Голос России" студиясының бас редакторы, РИА Новостидің халықаралық жаңалықтар бөлімінің жетекшісі – жаңалықтар редакциясы бірлестігі жетекшісінің орынбасары.

Қазақстандық БАҚ өкілдері мен баспасөз қызметінің өкілдері, медиа-сарапшылар және блогерлер модульге қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркеле алады. Ал сұрақтар туындаған жағдайда a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына хат жазыңыз.

Оқи отырыңыз: SputnikPro вебинары: видеоны оңай әрі дұрыс түсіру арқылы қалай аудитория жинауға болады

SputnikPro онлайн-маусымын наурыз айының ортасында ашты. Сеанстарда коронавирустық пандемия контекстіндегі жұмыс ерекшеліктерін, веб-сараптама мен авторлық құқық құралдарының көмегімен өзіңді және қолданушыны шатастырмауды, ақпараттың шынайылығын тексеру мен жаңалықтар ресурсына қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. Қатысушылар чатта бір-біріне хабарламалар жібере отырып, бір мезетте пікір алмаса алады.

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro – бұл Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналистеріне, кәсіби жоғары оқу орындарының студенттеріне, баспасөз қызметінің қызметкерлері мен медиа менеджерлерге арналған, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған жоба. Жоба модулінің менеджерлері Sputnik бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ басқа да ресейлік танымал журналистер мен сарапшылар болады. 2018 жылдың наурыз айынан бастап SputnikPro Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізді. Әлемнің 80 елінен барлығы 3000-нан астам тыңдаушы қатысты. Жоба жаңалықтарын Facebook-тегі парақшасынан таныса аласыз.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы туралы

Sputnik – әлемдегі 90-нан астам қалаларда мультимедиялық интернет-сайттарды, аналогты және сандық радио хабарлар таратуды біріктіретін ірі халықаралық ақпарат құралдарының бірі. Sputnik жаңалықтарының арналары әлемнің жетекші басылымдарына тәулік бойы ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат ұсынады. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы ай сайын 80 миллионнан астам адамды құрайды, Sputnik әлеуметтік желісінің жазылушыларының жалпы саны 20 миллионнан асады. Бішкектен Кишиневке және Пекиннен Монтевидеоға дейінгі әлемнің 24 редакторлық орталығында мыңдаған адам мен ондаған ұлт өкілдері жұмыс істейді. Sputnik – "Россия сегодня" медиа-тобының құрамына кіреді. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

26
Кілт сөздер:
білім, маман
Тақырып бойынша
Ақпараттық продюсерлік ету тәжірибесі – SputnikPro мамандық құпиясын ашады
 SputnikPro сарапшысы деректер журналистикасының ерекшеліктерін түсіндірді
SputnikPro сарапшысы қызықты тікелей эфирдің лайфхактарын бөлісті
Видеоролик жасау кезеңдері және оны безендіру ережесі – SputnikPro лайфхактары
SputnikPro сарапшысы: журналистикадағы продюсер – келіссөз жүргізуші
Видеокамера

Видеоролик жасау кезеңдері және оны безендіру ережесі SputnikPro лайфхактары

130
Вирустық роликтерде не маңызды – сурет пе, әлде мәтін бе? Оқырман сюжетті соңына дейін көру үшін мерзім ұзақтығы қанша болуы тиісі? Кәсіби мамандар ролик жасау тәжірибесін бөлісті  

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. "Россия сегодня" ХАА жедел видео және графика бөлімдерінің басшылары Арсений Миндлин мен Алексей Дроздов SputnikPro вебинарында көрші елдердің журналистеріне жаңалықтар сайттарына жылдам таралатын видеоны қалай дұрыс жасау керектігін айтты.

Видеороликтердің мынадай түрлері болады: жаңалықтар, "жедел жаңалық", бір минуттан астам сюжет, аналитикалық сюжет, архивтік – үш-бес минуттық шағын фильмдер, "мем" – қолданушылар видеосы, деп түсіндірді Арсений Миндлин.

"Роликтер әртүрлі безендіріледі: бір жерде титр жазылса, енді бір жерде басқа нәрсе болады. Видео қанша ұзақ болса, оны өңдеуге сонша көп уақыт кетеді. Сондықтан ұзақ видеоны сапалы өңдеу кезінде жылдамдық жағы ақсайтынын түсіну керек", - деп атап өтті ол.   

Сарапшы видеоның "құрамына" не кіретінін түсіндірді: бастапқы материалды, музыканы таңдау, графика жасап, безендіру. Соңғысы видеоконтент түрін таңдауға байланысты болады.

Ал Алексей Дроздов ақпараттық, танымдық, ойын-сауық, вирустық, презентация, имидждік және әлеуметтік видеороликтердің тағы бір жіктемесін ұсынды.

"Ақпарат жұрттың бәріне түсінікті болу үшін титрді қолдану керек. Титр қысқа жазылып, мағынасын жеткізеді. Кадрда болып жатқанның бәрін титрмен сипаттаудың қажеті жоқ. Титр кем дегенде алты секунд тұруы тиіс", - деп түсіндірді спикер.   

Алексей Дроздов видеконтент жасау кезеңдерін түсіндірді, оған мыналар кіреді: мақсатты аудиторияны анықтау; "бриф" жазу, техникалық тапсырма, сценарий жазу; тұжырымдаманы әзірлеу, кезең-кезеңімен орындау.

"Роликте ең бастысы – сурет! Ең қиыны – көптеген "көздер" мен міндеттерді қамтитын ролик", - дейді сарапшы.

SputnikPro білім беру жобасының он алтыншы онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.  

130
Портфель ұстаған адам

Әкім қызметтен кететінін мәлімдеді видео

0
(Жаңартылды 10:27 12.08.2020)
Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қазіргі қызметіне осыдан тура бес жыл бұрын тағайындалған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов бірнеше күннен кейін қызметтен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Е-Караганда" порталына сілтеме жасап.

"Біз – мемлекеттік қызметкерміз. Мен осы қалада бес жыл жұмыс істеп шықтым. Енді, ротация деген түсінік бар. Осы қызметте екі күндей жұмыс істейтін. Одан кейін Қарағандыға облыстық басқармаға басшы болып ауысамын", – деді Әшімов Instagram парақшасында арқылы өткен тікелей эфирде.

Ғалым Әшімев қаланың жаңа басшысын біледі. Бірақ аты-жөнін айтқан жоқ. 

"Басқа қаладағы әріптесім келеді. Білікті маман, шаруашылыққа да мықты ", – деп атап өтті Әшімов.

Оқи отырыңыз: СOVID-19: Алматы облысының әкімі желіде жазба жариялады

Айта кетейік, Теміртаудың қазіргі әкімі осы қызметке 2015 жылы тамыз айында тағайындалған болатын. 

Ғалым Әшімовтың өмірбаяны

Ғалым Әбіханұлы Әшімов 1968 жылы Қарағанды облысының Қаражал қаласында дүниеге келген. 1999 жылы О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің өндірісті ұйымдастыру факультетін бітірген. Мамандығы - экономист. Еңбек жолын "Жәйрем ТБК" Қиыр-Батыс кеніші материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің жөндеу слесарі болып бастаған.
1990 жылы - көлік жүргізушінің көмекшісі;
1991 жылдан - комсомол комитетінің хатшысы;
1992-1999 жылдары - химиялық өнім жөніндегі инженер, құрылыс материалдарының жетекші инженері, "Жәйрем ТБК" АҚ қойма шаруашылығы цехының бастығы, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы;
2000 жылдан бастап Жәйрем кентінің әкімі;
2001-2005 жылдары - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ құрылтайшылық ететін «Өркен» ЖШС басшылық қызметтер;
2005 жылы - "Жәйрем ТБК" АҚ логистика бөлімінің бастығы, президенттің логистика жөніндегі көмекшісі;
2010-2013 жылдары - Қаражал қаласының әкімі;
2013 жылдан бастап Қарағанды облыстық әкімі аппаратының жетекшісі;
2013-2015 жылдары – Қарағанды облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасының жетекшісі;
2017 жылы "Құрмет" орденімен марапатталған.
2020 жылы мамыр-маусым айында коронавирус инфекциясымен ауырып шықты.

0
Кілт сөздер:
әкім, Қарағанды облысы, Теміртау
Тақырып бойынша
Маңғыстаулық әкім коронавирустың таралуына жол бергені үшін қызметінен алынды
Нұр-Сұлтанның "Алматы" ауданына жаңа әкім тағайындалды
Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді
Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры – қызықты деректер
"Жанып кетесің" Теміртау тұрғыны 11 жастағы баланы өрттен құтқарды