Армения премьер-министрінің бас кеңесшісі Арсен Гаспарян, архив суреті

ЕАЭО елдерінің журналистері Армения премьер-министрінің кеңесшісіне сұрақтарын қояды

26
Сейсенбі, 25 қыркүйекте Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Армения премьер-министрінің бас кеңесшісі Арсен Гаспарянның «Армения-Ресей қарым-қатынасы, интеграциялық ынтымақтастық, ЕАЭО елдерінің преспективалары мен бірлескен жобалары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихаты Мәскеуде бейнекөпір форматында өтеді, Sputnik-тің Астана, Минск, Еревандағы баспасөз орталықтары байланысқа шығады. Журналистер Астанадағы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығынан сұрақтарын қоя алады. 

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының мекенжайы: Қонаев көшесі, 12/1, ВП-35, (Нұрлы жол желекжолы, Бәйтерек монументі жағынан кіру), P1-ші қабат.

БАҚ өкілдері мына телефон арқылы тіркеле алады: + 7-701-512-08-15; a.sultanova@sputniknews.com.

26
Компьютер, интернет

SputnikPro сарапшылары сайтты ыңғайлы етуге қатысты кеңес берді

31
Веб-аналитиканың маңызды болуының бірнеше себебі бар. Ол арқылы аудиторияны, интернет-ресурстың техникалық тұсы мен тұтынушылардың әрекетіне талдау жасауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Web-аналитика не үшін керек, сайт статистикасын бақылау кезінде оның жүйелері қалай жұмыс істейді? Бұл сауалдарға журналистер мен блогерлерге арналған SputnikPro вебинарында "Россия сегодня"  халықаралық ақпарат агенттігінің веб-сарапшысы Игорь Тугушев жауап берді.

Сарапшы "Титаник" апатын мысалға келтіре отырып, web-сараптаманың маңыздылығы туралы айтты.

Скриншот вебинара SputnikPro с веб-аналитиком МИА Россия сегодня Игорем Тугушевым
© Sputnik /
SputnikPro вебинарының скриншоты

"Трагедия не үшін болды? Басты себеп - капитан мен орынбасарының салғырттығы, алайда екінші себеп - навигациялық құралдардың әлсіз болуы", - деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта навигациялық кешендер дамып кетті.

"Титаник пен сіз интернет мұхитына жіберетін интернет-сервисті салыстыруға болады. Егер заманауи навигациялық құралдар қолданылмаса, мұхитта көзді жұмып жүзгендей боласыз", - деді маман.

Web-аналитика - интернет-ресурстың мәліметтерін жинау мен талдауға арналған шаралар кешені. 

Тугушев статистика жинаудың негізгі клиенттік жүйелерін атады: Google Analytics, Liveinternet, Рейтинг mail.ru, Яндекс Метрика.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елден 3 мыңнан астам өкіл қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

31
Архивтегі фото

SputnikPro: басқа адамның суретін авторлық құқықты бұзбай қалай пайдалануға болады

87
Фотосуреттердің интернетте қолжетімді болуы оларды автордың келісімінсіз пайдалануға болады дегенді білдірмейді. SputnikPro сарапшысы жаңалықтарды суретпен жариялау кезінде жағымсыз жайттардың алдын алу жөнінде кеңес берді  

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. "Россия сегодня" ХАА зияткерлік құқық бөлімінің бастығы Анна Черницына басқа біреудің фотосуреттерін рұқсатсыз пайдаланудың қандай құқықтық салдары болатынын айтты.

Ол SputnikPro жобасы аясындағы вебинарда спикер ретінде сөйледі.

"Барлық фото, тіпті смартфонға түсіріліп, әлеуметтік желідегі жеке парақшада жарияланған "жұпыны" суреттер де авторлық құқықпен қорғалады", - деп түсіндірді заңгер.

Әлеуметтік желілердегі иллюстрацияларды қолданатын кезде БАҚ өкілдері жазба авторына сұрау салуы керек.  

"Жазба авторларының құқық иелері екеніне алдын ала көз жеткізгеннен кейін, олардан рұқсат сұрау керек. Көбінесе жазба авторлары өздері жариялаған фотосуреттердің құқық иесі болмай жатады. Құқық иесі құқығының бұзылғаны туралы шағым түсіруі мүмкін", - дейді Черницына.

Дауды болдырмаудың ең сенімді нұсқасы – жазбаша келісімшарт жасасу немесе құқық иесінен қолхат алу. Егер бұл мүмкін болмаса, e-mail, әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы рұқсат алу қажет. Сонымен қатар жазбаның астында хат жазыспаған жөн, өйткені оны жойған кезде жазба сақталмайды.

Әлеуметтік желілерден фотосуреттерді компьютерге сақтау арқылы, Print Screen пернелерін пайдалану арқылы көшіруге барлық-дерлік әлеуметтік желінің ережесінде тыйым салынған.

"Фотосуреттің скриншоты және видеодан стоп-кадр алу құқық иесінің сотқа шағымдану қаупін тудырады. Мұндай әдісті қолданудан бас тарту ұсынылады", - деп кеңес берді ол.

Егер рұқсат алу мүмкін болмаса, журналист мұндай фотосуретті пайдаланбағаны жөн.

Егер интернеттен табылған фотосуреттің авторы табылмаса және сайт суретті қолдануға болатындығын көрсетсе, бұл солай істеуге  рұқсат етіледі дегенді білдірмейді. Қалай болғанда да іздеу жүйелері арқылы авторды табу қажет. Сурет өз құқығын қатаң қорғайтын беделді агенттікке тиесілі болуы мүмкін.

Егер сурет іс-шарада, мысалы, мектептегі сап түзеу кезінде түсірілсе, онда ата-аналардан балалардың суреттерін қолдануға рұқсат сұраған жөн. Олардың келісімін камераға жазып алу керек.

Сарапшының айтуынша, адам түсірмеген фотосуреттер авторлық құқық объектісі болып саналмайды. Мысалы, фото және кино түсіру функциялары бар арнайы техникалық құралдармен автоматты түрде жасалынатын фотосуреттер, соның ішінде фотосуреттер жасау үшін арнайы жабдықталған кабиналарда түсірілген фотосуреттер (құжаттарға, ойын-сауық мақсаты үшін) кездеседі. Бұл тізімге жануарлар түсірген суреттер де жатады.

"Мысалы, маймыл жасаған әйгілі селфиді алайық. Бұл өте сирек кездесетін жағдай", - деді ол.

SputnikPro жобасының алтыншы онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik ақпарат агенттігінің халықаралық жобасы, онда жетекші медиа менеджерлер мен журналистер шеберлік сабақтарын, тұсаукесерлер мен тренингтер өткізеді.  

87
Дәрігер, коронавирус

Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын Түркістан әкімі 

0
Коронавирус жұқтырған Түркістан қаласының әкімі желіде жазба жариялап, дәрігерлердің арқасында аман қалғанын айтты

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Түркістан әкімі Рашид Аюпов коронавирус инфекциясын жұқтырған соң бірнеше ішкі ағзасының зақымданғанын хабарлады. Бұл жайында қала әкімі Facebook парақшасында жазды.  

"Осы екі апта ішінде дұғада болған әр адамның арқасында, Алланың қалауымен ел қатарына қайта оралу мүмкіндігі бұйырып отыр. Тез арада асқынып кеткен аурудан қолынан келгенше қолдап, аман алып қалған дәрігерлерге алғысымды сөзбен жеткізу қиын. Бұл ауру, өкінішке қарай, салдарсыз өтпеді. Бірнеше ішкі ағза жұмысын тоқтатты, енді қайта қалпына келтіру қажет болып тұр. Әлі де ұзақ уақыт оңалу шараларын жасаймын",- деп жазды қала әкімі.

Айтуынша, коронавирусқа тапсырған кейінгі тест әлі де инфекцияның ағзадан кете қоймағанын көрсеткен. Соған қарамастан қала әкімі қызметіне кіріспек.

"Елге қызмет етуге қайта ораламын. Әрине, барлық сақтық шарасын орындаймын. Дәл қазір жағдай ешкімге де оңай болып тұрған жоқ. Біртіндеп, бірігіп, жағдайды қайта жақсартып аламыз деп сенемін", - деп жазды Аюпов.

Сонымен қатар қала басшысы барлық сақтық шарасын орындау қажет екенін тағы да еске салды.

"Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын деп тілеймін. Ең маңыздысы – бетперде тағып жүру. Жасы үлкендерді барынша қорғап қалуға тырысайық", - деп толықтырды Аюпов.

Сондай-ақ, жағдайға байланысты көмек қолын созуға мүмкіндігі бар кәсіпкерлерден байланысқа шығуын сұрады.

"Еліміздегі жағдайды бәріміз көріп отырмыз. Жоққа шығаруға тырысудың, көз жұма қараудың еш мәнісі болмаған, қазір де жоқ. Қиын қыстау заманда елімізге бірігіп қол ұшын созайық",- деді Аюпов.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырған Алматы облысының әкімі Нұр-Сұлтанға жеткізілді 

Айта кетейік, 22 маусымда Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Одан бөлек Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды.

8 шілдеде коронавирус табылған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жүрек жеткіліксіздігіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиология орталығына жатқызылды.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, әкім, Түркістан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Кім емдейді?": Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады
Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Павлодар облысының әкімі өңірде дәрігер жетпей жатқанын айтты
Шымкент әкімі желіде тарап кеткен видео туралы айтты