Sputnik Қазақстан студиясында Қазақстан ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов

Жұрынов қазақстандық ғалымдардың проблемасын атады

59
(Жаңартылды 09:31 20.11.2018)
Ғылым академиясы президентінің айтуынша, трансұлттық компаниялар отандық ғалымдардың жетістіктерін енгізуге мүдделі емес

АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстан ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов отандық ғылымның дамуын кенжелетіп отырған проблемаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жүріновтің айтуынша, Кеңес одағы кезінде ғылым көптеген бағыт бойынша жетекші орындардан көрінді. Кеңес ғалымдарының жетістіктерін бүкіл әлем, соның ішінде америкалықтар да мойындайтын. Кеңес одағы ғылымға ЖІӨ-нің 4%-ін бөлді. Ал одақ ыдырағаннан кейін ғылымға бөлінетін қаржы едәуір азайып қалған. 

"Қаржыландырудың төмендеуінен ғылыми ұйымдар зардап шекті. Мәселен, салыстыру үшін айтатын болсам, Еуропа елдерінде ғылымды қаржыландыру көлемі 3%-тен 4,5%-ке дейінгі аралықта құбылса, посткеңестік кеңістікте ең жоғары көрсеткіш Ресейде – 1,2%-тен астам. Бізде, өкінішке қарай, экономикалық дағдарысқа байланысқа бұл көрсеткіш 0,13%-ке дейін түсіп кетті", — деді Жұрынов Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол индустриялды-инновациялық даму стратегиялық жоспарында 2020 жылы ғылымды қаржыландыру көлемін 1 процентке дейін жеткізу қарастырылғанын атап өтті. 

"Бұл ғылымға көрсетілетін үлкен қолдау. Ғылымды қаржыландыру 6 есеге артады", — деді академия президенті. 

Жұрыновтың айтуынша, іргелі ғылым мен қолданбалы ғылым арасындағы теңгерімді сақтау өте маңызды. Себебі теңгерім бұзылса, жалпы ғылымға орасан зор зиян келеді. 

"Ғылымды қаржыландыратын бизнес пен билік іргелі ғылымнан қайтарым болғанын қалайды. Бұл түсінікті де. Алайда іргелі ғылымның қайтарымы ұзаққа созылуы мүмкін. Соның әсерінен зерттеушілер біртіндеп қолданбалы ғылымға ауысып кетеді. Іргелі зерттеулер қаржыландырудың жалпы көлемінің үштен бірінен кем болмауы керек", — деді ғылым академиясының президенті. 

Жұрынов инновация туралы сөз болғанда, ғылым жайына қалатынын айтып, ренішін білдірді. 

"Кейбіреулері инновация туралы жар салады да, ғылым туралы жақ ашпайды. Ал инновация – ғылымның өнімі. Ол бастауын іргелі зерттеуден алып, содан кейін ғана қолданбалы сипатқа көшеді", — деді ол. 

Академия президенті отандық ғылым жетістіктерін енгізудегі проблемаларға тоқталды. 

"Бізде кәсіпорындардың көбі шетелдік инвесторлардың қолында. Ал олар қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін енгізуге мүдделі емес. Себебі трансұлттық компаниялардың өз елдерінде жеке зерттеу институттары бар", — деді Жұрынов. 

 

59
Кілт сөздер:
жетістіктер, қаржыландыру, ғылым академиясы, зерттеу, ғалымдар, ғылым
Тақырып бойынша
Қазақстандық ғалым аталық және аналық бұлттар туралы теория ұсынды
Елбасы Ұлттық ғылым академиясында Досмұхамбетовтың егінін мақтады
Алматыда 72 жастағы ғалым үйсіздерге арналған орталықта тұруға мәжбүр
Қазақстандық ғалым телефонды ұзақ уақыт қуаттамау әдісін ойлап тапты
Ғалым тез арықтаудың жолын айтты
Ғалым ер азаматтар әйелді қандай төрт қасиетіне қарап таңдайтынын айтты
Загрузка...