Адамдар ақпараттық фастфудтан мезі болды – SputnikPro сарапшысы

© Sputnik / Владислав ВодневДиктофоны (для заставочного фото)
Диктофоны (для заставочного фото) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Журналиске сапалы репортажды қалай жасау керек, ол әскери нысандарды түсіргенде неге дайын болуы тиіс? SputnikPro сарапшысы кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қазіргінің адамдары журналистің материалдарындағы құрғақ фактілерді қанағат тұтпайды, драматургия элементтері қосылған және егжей-тегжейлі баяндалған креативті мәтіндерге сұраныс артып келеді, дейді Ria.ru редакциясының "Армия и силовые структуры" бөлімінің бастығы Андрей Станавов.

Сондықтан, оның айтуынша, бүгінде сапалы лонгридтер танымал бола бастаған. 

"Қысқа жаңалықтарға сұраныс болды және бола береді, бірақ менің ойымша, бірте-бірте оның дәурені бітеді. Өйткені адамдар ақпараттық фастфудқа тойды, жан жақты материалдарды оқығысы келеді", - деді Станавов SputnikPro ағарту жобасының вебинарында.

Мұндай үрдіс жалпыға қолжетімді контентті жеткізуге дайын әмбебап журналистерге деген сұранысты арттырады.

"Яғни, ол сапалы, көркемдік стильде суреттер түсіре білуі керек, өз ойын құрғақ жаңалықтар стилінде емес, барынша егжей-тегжейлі жеткізе білуі тиіс", - деп санайды сарапшы.

Ол қызықты репортаждар жазуға қатысты бірнеше кеңес берді:  

  • Суреттер мен видео мәтінді қайталамауы керек. Видео мәтінді толықтырады және сөзбен немесе фотомен баяндай алмайтын жарқын сәттерді, эмоциялар мен пікірлерді жеткізеді.
  • Лонгридтерде ең "дәмдісін" басына емес, орта тұына қарай бір жерге қойған жөн. 
  • Портреттік фотосуреттерді адамдардың нағыз жұмысына жақын ортада түсірген дұрыс.
  • Сюжеттерді рөлдер мен қойылым сахналарына бөлмей, іс барысында "сездірмей қарау режимінде" түсіру керек. Бұл материалды жандандырып, оны шынайы етеді.
  • Сериялық түсірілімнің көмегімен динамиканы ұстауға болады, мұндай режим кез келген заманауи камерада бар.   

Станавов сонымен қатар өзінің әскери тақырыптарды жариялау тәжірибесін бөлісті, сондай-ақ журналистерге түсірілімге және іссапарға қалай дайындалу керектігі туралы айтты.

Әскери нысанда жұмыс істеу кезінде нені білу керек

Түсірілімге (әскери нысанда) дайындық кезінде көптеген рұқсатнама, келісім қажет. Егер бірдеңе дұрыс болмаса, онда ол әскери нысанға бекер келгендей болуы мүмкін. Қажетті мәліметті қағазға жазып алу керек, электронды түрдегісі пайдаға аспай қалуы мүмкін.

© Скрин видео вебинара SputnikPro БАҚ өкілдерімен SputnikPro вебинары. SputnikPro спикері, Ria.ru редакциясының "Армия и силовые структуры" бөлімінің бастығы Андрей Станавов
Адамдар ақпараттық фастфудтан мезі болды – SputnikPro сарапшысы - Sputnik Қазақстан
БАҚ өкілдерімен SputnikPro вебинары. SputnikPro спикері, Ria.ru редакциясының "Армия и силовые структуры" бөлімінің бастығы Андрей Станавов

Түсірілім уақыты алдын ала келісілуі керек. Ол адам түсіруге дайын ба, жоқ па, түсіну қажет.

Кез келген оқиғаның түсірілімі жалпы жоспарға бөлінеді (құлаған ұшақ, маңызды іс-шара, квадрокоптерден алынған сурет), жақыннан түсіру  (түсірілім кезінде жақыннан түсіруге де баса назар аудару маңызды), портреттер (адамдармен қарым-қатынас жасамай оқиғаны жеткізу мүмкін емес, портреттерді мүмкіндігінше көп және сапалы түрде жасау керек, фототүсірілім жөнінде баспасөз қызметімен емес, тікелей басшылықпен келіссөздер жүргізген жөн) және сюжеттер (ол мәтінге жан бітіреді, оқырманға демалуға мүмкіндік береді).

Тағы нені білу керек

Ең жаманы – деректен қателесу. Фактілерді, сандарды, фамилияларды және тағы басқаларды тексеруді ұмытпаңыз.

Мәтіндердің көлемі 10 мың белгіден аспауы керек, артығын алып тастай салыңыз.

Егер материал шұғыл болса, оны бірнеше сағатта жинауға болады.

Әскери қызметкерлер екі сұрақ қоюға болмайды: қанша және қайда? Әйтпесе, журналисті тыңшы деп ойлап қалуы мүмкін.

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген  маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елдің өкілі қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы туралы

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.

Жаңалықтар
0